Грекияда 12-15 жас аралығындағы балаларды вакциналау жоспарланып отыр

None
None
АФИНЫ. ҚазАқпарат – Грекияда ауру жұқтырудың жаңа жағдайларының санын азайту мақсатында 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге Pfizer/BioNTech және Moderna вакциналарын егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Грекияның вакцинация жөніндегі комитет басшысы Мария Теодоридудың айтуынша, жасөспірімдер арасындағы вакцинация жастардың осал тобын тиімді қорғауға, сондай-ақ қыркүйек айының басына дейін олардың мектептерге тезірек оралуына ықпал етеді.

11 миллионға жуық халқы бар Грекияда вакцинаның бірінші компонентінің 10,2 миллионнан астам дозасы салынды. Халықтың шамамен 46,8%-ы толық вакциналанған.

Грек үкіметі күзге қарай елдегі вакцинация деңгейін 70% -ға пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Өткен тәулікте елде коронавирус жұқтырудың 2070 жаңа жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелген. Грекиядағы ауруға шалдыққандардың жалпы саны – 477 975 адам. Пандемия басталғалы елде 12903 адам көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар