+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Грекиядағы босқындар лагерін өртеді деген күдікке ілінген алты адам ұсталды

2020 жылғы 16 қыркүйек 10:07
Бөлісіңіз:
Грекиядағы босқындар лагерін өртеді деген күдікке ілінген алты адам ұсталды

МИТИЛИНИ. ҚазАқпарат – Грекия билігі Лесбос аралында босқындардың Мория лагерін өртеп жіберді деген күдікке ілінген алты адам ұсталғанын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында шетелдік жүк көлігі жанып кетті Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды Шығыс Қазақстанда бір жарым айда 800 тонна пішен өртеніп кетті

Ұсталғандардың барлығы – Ауғанстан азаматтары, олардың ішінде екеуі кәмелеттік жасқа жетпеген. Өрттен кейін олар құрлықтық Грекияға эвакуацияланды. Қазір олармен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Лесбостағы өрт оқиғасының тергеу амалдарын Азаматтарды қорғау министрі Михалис Хрисохоидис жүргізіп жатыр.

Лесбоста мигранттарға арналған жаңа лагерьдің құрылыс орнына Еуропалық Одақ төрағасы Шарль Мишель барды. Ол Еуроодақтың Грекиямен мигранттар проблемасын шешуге мүдделі екендігін міндетті түрде танытатынын мәлімдеді.

«Бұл жағдай – ауыр әрі күрделі. Бірақ мен ЕО атынан миграциямен байланысты проблеманы назардан тыс қалдыруға жол бермейтінімді мәлімдегім келеді. Бұл – біздің ортақ, еуропалық проблема», - деді ол.

Сейсенбі күні Лесбостағы ең ірі қала Митилиниде солшыл партиялар және кәсіподақтар ұйымдастырған демонстрация өткен. Демонстранттар қоныс аударушылар Еуропа елдеріне тұрақтап, жаңа өмір бастауға мүмкіндік алуға тиіс деп мәлімдеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT