Грэпплингтен әлем чемпионатына елімізден 200-ден астам палуан қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда төрінде грэпплингтен әлем чемпионы атану үшін 24 елдің спортшылары бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ертең басталатын Елордадағы айтулы бәсекеге Қазақстанмен бірге 24 елден барлығы 800-ден астам спортшы қатысады. Қазақстанның намысын жуырда Астанада өткен республикалық чемпионаттың жеңімпаздары қорғайды. 

Грэпплингтен әлем чемпионаты жас ерекшеліктеріне қарай 13 категория бойынша өтеді, оның 8-і - ерлер, 5-і - әйелдер командасы. 

«Спорттың бұл түрі елімізде жақсы қарқынмен дамып келеді. Біз халықаралық грэпплинг комитетінің тарапынан қолдауға ие болдық. Одан бөлек, күні кеше ғана ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде грэпплингті аккредитациядан өткіздік. Бұл аталған спорт түрінің елімізде одан әрі дамуына мүмкіндік береді. Әлем чемпионатына келсек, біздің елімізден барлық саны 200-ден аса палуан күш сынасады. Оның ішінде үлкендер арасында ұлттық құрама спортшылары өз салмақтары бойынша ел намысын қорғайды», - деді ҚР Грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин ҚР Мәдениет және спорт министрлігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ баспасөз мәслихаты барысында өткелі отырған әлем чемпионатының символы таныстырылды және «Qazag batyry» алғашқы халықаралық спорттық-аналитикалық журналының тұсаукесері өтті. 

Грэпплингтен әлем чемпионаты 6-9 қыркүйек күндері, Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар