Грузияда коронавирус таралуының жаңа рекорды тіркелді: бір күнде – 17 530 жағдай

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Грузияда өткен тәулікте 17 530 адамнан коронавирус анықталды. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузия» ақпараттық порталына сілтемемен.

Соңғы 24 сағатта елде 5087 адам аурудан жазылып шықты, 39 науқас қайтыс болды. Үкіметтің stopcov.ge сайтында жақында ақпарат жаңартылды.

25 қаңтарда Грузияда 15 762 жағдай тіркелді, 5 160 науқас сауықты, 42 адам көз жұмды.

Соңғы тәулікте Грузияда 78 172 тест жасалды. Күн сайын тестінің 22,42% коронавирус бар екенін көрсетіп отыр, 14 күнде бұл көрсеткіш — 15,32%, ал 7 күнде — 19,58% болды.

Жалпы Грузияда пандемия басталғалы коронавирус жұқтырудың 1 092 684 жағда йы тіркелген, соның ішінде 977 832 адам жазылды, 14 813 адам қайтыс болды.

Қазіргі таңда елде 100 013 адам ауырып жатыр, соның ішінде 4 651 адам ауруханада. 999 адам — ауыр халде. 283 адам өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныс алуда. 2 023 адам ковид-қонақүйде, ал 93 339 адам үйде коронавирустан емделіп жатыр. 32 адам карантинде.


Соңғы жаңалықтар