Гүлмира Абдрасулова: Вакцина індетке тұсау салады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавируске қарсы вакцина алған тұрғындар саны күннен күнге артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкері Гүлмира Абдрасулова қатерлі індетке тұсау салатын жалғыз жол - вакцина екенін айтады.

«Жасыратыны жоқ, елімізде қатерлі індет тез таралып барады. Эпидемиологиялық ахуал күн санап күрделене түсті. Өткен аптаның соңында өңіріміз «сары аймаққа» енгізілді. Ал Сырдария ауданы «қызыл аймақ» қатарында тұр. Бұл - өте алаңдатарлық жағдай. Мен өз өміріне алаңдайтын қала тұрғыны әрі медицина саласының қызметкері ретінде алғашқылардың бірі болып екпе қабылдадым. Мен мамандардың кеңесіне құлақ асуға шақырамын. Саулық - сақтықта. Өзімізді қорғап, айналамызға қамқор болайық, - деді Г. Абдрасулова.

Еске салайық, Қызылордада 14 сәуірге дейін 10684 тұрғынға вакцина жасалды.


Соңғы жаңалықтар