USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Гүлмира Дайрабаева Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы болды

2022 жылғы 14 қаңтар 21:15
Бөлісіңіз:
Гүлмира Дайрабаева Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева ҚР Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және ведомствоның байланыс департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Nur Otan партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары ауысты Талғат Жақан ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болды Нұрлан Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болды

Қазақтілді телекөрермендерге «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы танылған Гүлмира Дайрабаева ҚР Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және ведомствоның байланыс департаментінің директоры қызметтерін қатар атқарады.

Гүлмира Дайрабаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ѕорһіа-Antipolis атындағы шетелдіктерге арналған институттың, Францияның, USC Sol Price School of Public Policy, Оңтүстік Калифорния университетінің, АҚШ-тың, мемлекеттік саясат және басқару академиясының түлегі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Мемлекеттік саясат және басқару магистрі.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Ақпарат саласының үздігі» сияқты марапат-атақтары бар.

«Қазақстан» терерадио кешенінде таңғы «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі болып, кейін таңғы бағдарламалар департаментін басқарды.

Сондай-ақ «Хабар» агенттігінде, «НТК» және «ОРТ Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеді.

CIFAP Халықаралық Ұйымының жанындағы Францияның «FRANCE-3» мемлекеттік арнасында халықаралық аудиовизуалды тағылымдамадан өтті.

«Сырға» қазақ-француз телешоуын тікелей эфирде жүргізді. Қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін және Sign language (саңыраулар тілін) меңгерген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT