Гуманитарлық көмек: Алматыға 200 дана оттегі концентраты жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, тамыздың 6-сы күні арнаулы борт Алматыға 200 оттегі концентратын жеткізді. Медициналық құрылғы «СҚ-Фармацияға» жөнелтіліп, ары қарай еліміздің медициналық ұйымдарына таратылатын болады.

«ДДСҰ Қазақстанға пандемиямен күресу ісін қолдау мақсатында медициналық жеткізілімдерді жүзеге асыруды және техникалық сараптамаға қолдау көрсетуді жалғастырады» - деді Қазақстандағы ДДСҰ ресми өкілі , доктор Кэролайн Кларинваль.


Соңғы жаңалықтар