Ғұсман Қырғызбаев қазан айының үздік спортшысы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Қазан айының ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жеңіске жетті.

Қазан айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Андрей Чугай (велоспорт), Милана Сафронова (бокс), Дина Исламбекова (бокс) және Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика).

Дауыс беру бүгін, 8 қараша сағат 13:00-де тоқтатылды.

Нәтижесінде 42,50 пайызбен Ғұсман Қырғызбаев үздік атанды. Андрей Чугай 42,14 пайызбен екінші орынға жайғасты.

Ал 7,92 пайыз дауыс жинаған Милана Сафронова үшінші орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар