Хабар 24 арнасы «Тұмар» ұлттық бәйгесінің арнайы сыйлығын жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Хабар 24» арнасына «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің арнайы сыйлығын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сыйлықты мен өте үлкен қуанышпен жариялаймын. Себебі тәулік бойы, карантин кезінде де, қазір де бұл арна елге үздіксіз ақпарат таратып келеді. Ал төтенше жағдай кезеңінде «Хабар 24» ел ішінде 384 сағат, шетелде 19 сағат тікелей қосылым жасапты. Мұның барлығы - үлкен ұжымның тынымсыз еңбегінің арқасы», - деді Аида Балаева.

Еске сала кетейік, бүгін «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің биылғы жеңімпаздары белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар