+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайды

2020 жылғы 25 наурыз 17:47
Бөлісіңіз:
Халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі 9 түрлі тауарды экспорттауға тыйым салды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда жергілікті халыққа қажет азық-түлік қоры жеткілікті – әкімдік «Birgemiz»: Атырауда жанашырлар 14 отбасына тегін азық-түлік жеткізіп берді Азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС мөлшерлемесі 8 пайызға дейін төмендетілді

«Сауда орталықтарындағы кезек азайып келеді. Осы ретте халық бірінші кезекте тұтынатын тауарлардың тапшылығы болмайтынын тағы да айтқым келеді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл мақсатта Үкімет 9 түрлі тауарды экспорттауға тыйым салған. Оларды қазір сауда желілері, өңірлік азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры, көтерме сауда жасаушылар сатып алуда.

«Қазірдің өзінде көптеген өндірушілер өз өнімдерін ішкі нарыққа бағыттағанын байқап отырмыз. Сондықтан, осындай күрделі уақытта өз еліне көмектесіп жатқан кәсіпкерлерге алғыс айтамыз»,- деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT