Халық коронавирусқа қарсы күресте Президент саясатын қолдап отыр - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирусқа қарсы күресте Президенттің саясатын халықтың басым бөлігі қолдап, түсініктікпен қарап отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні сарапшылардың бәрі де бір ауыздан Президент пен Үкіметтің жүйелі саясатты жүргізіп отырғанын айтып жатыр. Бұл нені білдіреді? Яғни бұл - қазір біз экономика мен денсаулықтың қайсысы маңызды деп таңдау жасап отырмағанымыздың айғағы. Сол себепті ауруға қарсы күреске де, экономиканың салаларын қолдауға да орасан зор қаражат бөлініп жатыр. Одан басқа, карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету – әлдебір интуитивті әрекеттер емес, олар эпидемиологиялық ахуалға нақты негізделген», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда анализ, болжау жұмыстары әрдайым жүргізіліп, нәтижесінде осындай шешімдер қабылданып жатыр.

«Азаматтардың көбі коронавирусқа қарсы күресте Президенттің саясатына түсіністікпен, қолдау ниетімен қарайтынын атап өткім келеді. Біздің мәліметке сәйкес, Президенттің ұлтқа жасаған соңғы үндеуін күту рейтингі өте жоғары болған. Ал бұл үндеуге жағымды көзқарастың одан да маңызы зор», - деді ведомство басшысы.



Соңғы жаңалықтар