Халық өмірін жақсарту, жол салу, сумен қамту: Өңірлерде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы қалай іске асырылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы елімізде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы іске асырыла бастады. Оның басты мақсаты — ауылдағы адамдардың өмірін жақсарту. Жол құрылысы, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт нысандарын қайта жаңарту және жаңа нысандар салу, жұмыс орындарын құру — осының барлығы аталған бағдарламаны іске асыруды көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ауыл тұрғындары үшін жайлы өмір сүру ортасын құру жөніндегі шаралар іске асырылып жатыр. Жоба шеңберінде даму әлеуеті бар 3,5 мыңнан астам ауыл айқындалды, оларда ауыл халқының 90%-ға жуығы тұрады. Атап айтқанда, 1 173 тірек және 2 388 спутниктік ауыл іріктелді.

Ауылдардың әлеуетін 4 негізгі блокты ескере отырып анықтау жоспарланған: демография, инфрақұрылым, экономика және геокеңістіктік жағдай. Жаңа әдіснаманы әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе, атап айтқанда, өңірлер арасында инфрақұрылымдық алшақтықтар бар Канада тәжірибесі зерделенді.

Республикада ауылдық аумақтарды дамыту үшін инфрақұрылымға инвестициялау, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ тұрғын үй салу және реновациялау бойынша шаралар қабылданып жатыр. 2019-2020 жылдары қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде барлық қаржыландыру көздері есебінен ауылдық жерлерде жалпы сомасы 618 млрд теңгеге 12 мыңнан астам жоба іске асырылды. Алдағы 4 жылда «Ауыл – Ел бесігі» жобасын қаржыландыру көлемі 800 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал барлық көздерді ескере отырып, ауылдарды жаңғыртуға 1,3 трлн теңге бағыттау жоспарланған.

2025 жылға қарай ауылдық жерлерде сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз етуге қол жеткізілетін болады, 10 мың км кентішілік жолдардың жай-күйі жақсартылады, 12 мың км инженерлік желі, бірнеше мың әлеуметтік инфрақұрылым объектілері салынып, жөнделеді, 5 мың ауыл мектебі жаңғыртылады. АӨК саласында 4,5 трлн теңге сомасына 1 мыңға жуық жоба іске асырылатын болады. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе артады, қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, АӨК өнімдерінің экспорты 2 есе артады. 1 млн ауыл тұрғыны өз табысын арттырады, ауыл шаруашылығында 500 мың жұмыс орны құрылады.

Ақмола облысы

Ақмола өңірінде 298 перспективалы ауылдық елді мекен анықталды, оның ішінде 109 тірек және 189 спутниктік елді мекендер, олар ауыл тұрғындарының 84%-ын қамтиды. 2019 жылы жоба қабылданған сәттен бастап жобаға қатысқан алғашқы елді мекендер 3 аудан орталығы — Астраханка, Зеренді ауылдары және Аршалы кенті болды. 31 жобаны іске асыруға 3 млрд теңге бөлінді. 2020 жылы тағы 10 ауыл қамтылды, олар бойынша 41 жобаға 7,2 млрд теңге бөлінді.

2019-2020 жылдары әлеуметтік саланың 19 объектісіне (жалпы контингенті 1 825 оқушы болатын 7 орта мектеп, 2 балабақша, 2 балалар шығармашылық орталығы, 3 мәдениет үйі, агротехникалық колледж (4 жоба), балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, стадион, аурухана ғимараты, бос уақыт өткізу орталығы), 8 ТКШ объектісіне, 120 км кентішілік жолдарға (33 жоба), 34 км су құбыры желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу желілері бар қазандық және бассейні бар 88 адам қабылдайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

Осы жобаларды іске асыру кезінде 844 уақытша жұмыс орны, ал пайдалануға берілгеннен кейін тағы 48 тұрақты жұмыс орны құрылды. 2021 жылға 27 ауылда 77 жобаны іске асыруға 8,5 млрд теңге бөлінді. 2020 жылда басталған Бастау ауылында (Атбасар ауданы) жастардың бос уақытын өткізу орталығын, Ақмол ауылында (Целиноград ауданы) ДСК, Красный яр ауылында (Көкшетау қаласы) жылумен жабдықтаудың сыртқы желілерін салу жобаларын одан әрі іске асыру көзделген.


Сондай-ақ Жақсы ауылында (Жақсы ауданы) ДСК және Мәдениет ауылында (Бурабай ауданы) спорт кешенінің құрылысы, Балкашино ауылындағы (Сандықтау ауданы) стадионды және Алексеевка кентіндегі (Зеренді ауданы) су құбыры желілерін қайта жаңарту, 8 әлеуметтік сала объектілерін, 174 км кентішілік жолдарды жөндеу жоспарланған. 246 уақытша жұмыс орны құрылды.

Ақтөбе облысы

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Ақтөбе облысында 50 мыңнан астам тұрғынның тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін 33 басымдықты ауылда (26 тірек, 6 спутниктік және 1 стратегиялық) 6,1 млрд теңгеге 69 жобаны іске асыру көзделген.

Бүгінде барлық жобалар бойынша келісім-шарттар жасалды. Сонымен қатар 69 жобаның 7-і өтпелі болып табылады, 17 жоба аяқталды, 45 жоба іске асырылу сатысында.

Оның ішінде аудандар бөлінісінде:

Әйтеке би ауданы бойынша 7 жоба іске асырылуда, оның ішінде Қарабұтақ ауылындағы клуб ғимаратын қайта жаңғырту, Қарабұтақ және Талдысай ауылдарындағы автомобиль жолдарын 60 жұмыс орнын құрумен 444,1 млн теңге орташа жөндеу.

Алға ауданы бойынша 7 жоба іске асырылуда, оның ішінде дәрігерлік амбулатория құрылысы, клуб ғимаратын қайта жаңарту, мектептерді күрделі жөндеу, Бестамақ, Есет батыр, Үшқұдық ауылдарындағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу — 124 жұмыс орнын құрумен 565,8 млн теңге сомасына.

Байғанин ауданы бойынша 5 жоба іске асырылуда, оның ішінде Жарлы, Қарауылкелді және Жарқамыс ауылдарында 647,4 млн теңгеге 66 жұмыс орнын құрумен спорт кешендерінің құрылысы және автомобиль жолдарын жөндеу.

Ырғыз ауданы бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде спорт кешенінің құрылысы, клубты күрделі жөндеу және Құрылыс, Құтикөл ауылдарындағы автомобиль жолдарының орташа жөндеуі — 56 жұмыс орнын құрумен 456,6 млн тг.

Қарғалы ауданы бойынша 6 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде Петропавловка, Қалдаяқов және Степное ауылдарында жарықтандыру құрылысы, автомобиль жолдарын орташа жөндеу және ауылдық клубтың күрделі жөндеу жұмыстары — 74 жұмыс орнын құрумен 583,7 млн теңгеге.

Қобда ауданы бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде дәрігерлік амбулатория құрылысы, ауылдық клубты күрделі жөндеу және автомобиль жолдарын жөндеу — 84 жұмыс орнын құрумен 495 млн теңгеге.

Мәртөк ауданы бойынша 8 жоба іске асырылуда, оның ішінде медициналық пункт құрылысы, Казанка, Жайсаң, Сарыжар және Саржансай ауылдарында автомобиль жолдарын орташа жөндеу — 155 жұмыс орнын құрумен 627 млн теңгеге.

Мұғалжар ауданы бойынша 7 жоба іске асырылып жатыр, оның ішінде спорт кешенінің құрылысы, Жағабұлақ және Шеңгелші ауылдарында 402 млн теңгеге 91 жұмыс орнын құрумен мектепті күрделі жөндеу және автомобиль жолдарын орташа жөндеу.

Темір ауданы бойынша 5 жоба іске асырылуда, оның ішінде дәрігерлік амбулатория, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, спорт залы, сондай-ақ Қопа, Саркөл және Кеңқияқ ауылдарында 92 жұмыс орнын құрумен 610,3 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ойыл ауданы бойынша 9 жоба іске асырылуда, оның ішінде Қаратал, Сарыбие және Қараой ауылдарында 62 жұмыс орнын құрумен 315,5 млн теңгеге автомобиль жолдарын орташа жөндеу.

Хромтау ауданы бойынша 3 жоба іске асырылуда, оның ішінде су құбыры желілерін, кәріз желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ 48 жұмыс орнын құрумен 425,9 млн теңгеге Никельтау, Тамды және Көктау ауылдарында мектеп жанындағы спорт залының құрылысы.

Шалқар ауданы бойынша 4 жоба іске асырылуда, оның ішінде 42 жұмыс орнын құрумен құны 577 млн теңгеге дәрігерлік амбулатория құрылысы, кәріз желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ Жылтыр, Бозой және Бегімбет ауылдарында мектептерді күрделі жөндеу және автомобиль жолдарын орташа жөндеу.

Алматы облысы

Алматы облысында 732 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде халық саны 1,5 млн адамды құрайтын даму әлеуеті жоғары 457 (151 тірек, 306 спутниктік) елді мекен бар. 2019-2020 жылдары халық саны 264 мың адам (21 тірек, 4 спутниктік) болатын облыстың 25 елді мекенінде 19,8 млрд теңге сомасына 75 жоба іске асырылды. Соның нәтижесінде күніне 360 адам қатысатын 2 спорт нысаны салынды, 17 білім беру нысаны, 3 денсаулық сақтау нысаны, 2 мәдениет нысаны жөнделді. Сондай-ақ 23 км сумен жабдықтау және су бұру, 70 км кентішілік электрмен жабдықтау желілері, 138 км кентішілік жолдар жөнделді, 4,4 км жылу желілері салынды және 6 елді мекеннің балалар, ойын алаңдары, саябақтар, скверлер, тротуарлар мен арық желілері абаттандырылды.

Биыл Алматы облысының 40 ауылдық елді мекенінде (24 тірек, 16 спутниктік) 18,4 млрд теңге сомасына 55 жобаны іске асыру жоспарланған (РБ – 16,9 млрд теңге, ЖБ – 1,5 млн теңге). 5 млрд теңгеге білім беру (10 жоба), 824 млн теңгеге спорт (3 объект), 3 млрд теңгеге мәдениет (8 объект), 1,1 млрд теңгеге денсаулық сақтау (3 объект), 6,2 млрд теңгеге ТКШ (20 объект), сондай-ақ 2,7 млрд теңгеге жолдарды жөндеу (19 жоба) сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1500 орындық мектептерге қосымша 3 құрылыс, 5 мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт салынады. Сонымен қатар 7 мектепте, 2 ауруханада, 4 мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 124 шақырым ауылішілік жол, 59 шақырым сумен жабдықтау желілері, 118 шақырым электрмен жабдықтау желілері жөнделеді. 337,5 км газ тарату желісін салу жоспарлануда. Айта кетейік, қазіргі уақытта 4 жоба аяқталды, 51 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, 25 қазандағы жағдай бойынша 6,2 млрд теңге немесе жылдық жоспардың 34% игерілді.

Бұдан басқа, 2022 жылға 72 ауылдық елді мекенді қамтумен 21,7 млрд теңге сомасына жобалар тізбесі әзірленді.

Атырау облысы

Атырау облысында халық саны 299,5 мың адамды құрайтын 153 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде даму әлеуеті бар 93 (60,8%) ауыл, оның ішінде 268,3 мың халқы бар 40 тірек (26,1%) және 53 спутниктік (34,6%) ауыл (89,6%) бар.

Биыл облыста 16 ауылдық елді мекенде 3 963 млн теңге сомасына 22 жоба іске асырылуда. Осы жылдың 20 қазанындағы жағдай бойынша 1 984 млн теңге немесе жылдық жоспардың 50% игерілді.

Облыста барлығы 18 нысанды салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мәселен, мектепке жапсаржай, 5 спорт нысаны (ДСК, спорт залдары), 5 электрмен жабдықтау нысаны, 7 көлік инфрақұрылымы нысаны салынады. Орташа және күрделі жөндеу 4 объектіде жүргізіледі: 3 білім беру объектісі (мектептер мен балабақшалар), 1 спорт объектісі (спорт залдары). Сондай-ақ электрмен жабдықтау және көлік инфрақұрылымы объектілерінде жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

2022 жылы Атырау облысында 17 ауылдық елді мекенде 3 808,7 млн теңге сомасына 18 жоба іске асырылатын болады. Сонымен қатар 16 нысанның құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, оның ішінде мектепке жапсаржай, 3 мәдениет нысаны (МҮ, демалыс орталықтары), 6 спорт нысаны (ДСК, спорт залдары) бар. Электрмен жабдықтау және көлік инфрақұрылымы саласында құрылыс және жөндеу (орташа және күрделі) жұмыстары жасалады.

Шығыс Қазақстан облысы

Облыс бойынша ауыл тұрғындарының 80%-ын қамтитын 377 перспективалы ауылдық елді мекен анықталды.

2019 жылы 4 тірек ауылда (Глубокое кенті, Көкпекті ауылы, Күршім ауылы және Үржар ауылы) 8 жобаны іске асыруға 2,1 млрд теңге бөлінді.

2020 жылы 20 тірек ауылда 52 жобаны іске асыруға 8,1 млрд теңге бағытталды. 2019-2020 жылдары барлығы 20 тірек ауылда «Ауыл – Ел бесігі» аясында 56 жоба іске асырылды. 9 жаңа әлеуметтік нысан салынды, 13 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 13 мәдениет және спорт нысандары, 121 шақырым кентішілік жолдар жөнделді. Екі жыл ішінде 784 жұмыс орны құрылды.

Биыл 44 ауылда 93 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді. 93 жобаның 30-ы аяқталды, оның ішінде 16-ы жолдарды орташа жөндеу бойынша, 13-і көшелерді жарықтандыру бойынша және 1-і аурухананы күрделі жөндеу бойынша. 60 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 3 жоба шарт жасасу сатысында тұр.

Биылғы жылдың қазан айына арналған қаржыландыру жоспары бойынша республикалық бюджеттен 2,13 млрд теңге қарастырылған, қаражат жұмыс кестесіне сәйкес игерілуде.

Тірек және спутниктік ауылдарды кешенді дамытуды қамтамасыз ету үшін, «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, тұрғын үй, сумен жабдықтау объектілерін салу, көлік инфрақұрылымын дамыту және әлеуметтік объектілерді жөндеу бойынша 9,2 млрд теңгеге жобалар іске асырылуда, оның ішінде:

- республикалық бюджет есебінен – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 ауылда.

- жергілікті бюджет есебінен – 22 ауылда.

Биыл бюджет есебінен 44 ауылды кешенді дамытуға 17,3 млрд теңге бағытталды.

Жамбыл облысы

Бүгінгі күні облыстың 371 елді мекенінде 1146,7 мың адам тұрады. Оның ішінде 367 ауылдық елді мекен, онда облыс халқының 60%-дан астамы немесе 688,5 мың адам тұрады.

Соңғы 10 жылда облыс халқының жалпы саны 91 мың адамға, ауыл халқының саны 43,1 мың адамға, қала халқының саны 47,8 мың адамға артты.

Өңірлік стандарттардың бекітілген жүйесіне сәйкес өткен жылдары көрсетілген мемлекеттік қолдау нәтижесінде әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілген ауылдық жерлердегі халықтың үлесі – 57,7%-ды құрады.

Қалалық елді мекендер – 76,9%, аудан орталығы – 82,2%, ауылдық округтер орталығы мен тірек ауылдар – 61%, қалған ауылдар – 54,6% қамтылған.

Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әлеуметтік игіліктер мен көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілген халықтың үлесін 2021 жылы 61,8%-ға, 2025 жылы 95,1%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес, облыста даму әлеуеті жоғары 238 ауылдық елді мекен іріктелді (оларда ауыл халқының 90,5%-ы немесе 620,2 мың адам тұрады), оның ішінде 67 тірек, 171 спутниктік, қалған 129-ның даму әлеуеті орташа/төмен.

Жалпы, облыс бойынша барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 2019-2020 жылдары ауылдық елді мекендерде ауыл халқының тұрмыс сапасын арттыру бойынша 1 010 жобаны іске асыруға 74,4 млрд теңге бөлінді.

Бұл білім беру саласындағы апатты жағдайдағы үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, денсаулық сақтау және мәдениет объектілері салынып, пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, ауыл халқының 82,2%-ы ауыз сумен, 82,4%-ы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы кентішілік көшелердің үлесі 76% құрады.

Жобаны іске асыру есебінен, бірінші кезекте, өңірдің инфрақұрылымы жақсаруда.

2019-2020 жылдары облыстың 7 ауданының 29 елді мекеніне 10,3 млрд теңге бөлінді, 200-ден астам жоба іске асырылды, 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 денсаулық сақтау объектісі, 3 мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар 6 балабақша, 14 мектеп, 2 аурухана, 5 спорт нысаны, 7 мәдениет нысаны, 1 әлеуметтік қорғау нысаны жөнделді, 2 су құбыры, 23 көше жарығы қалпына келтірілді, ұзындығы 185,9 км 140-қа жуық кентішілік көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы 67 ауылдық елді мекенде 119 жобаны іске асыруға 8,7 млрд теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 343 уақытша және 62 тұрақты жұмыс орны құрылды, 64 жоба пайдалануға берілді, тұтастай алғанда 27 АЕМ-де жобалар толық аяқталды.

Жыл соңына дейін барлығы 16 әлеуметтік нысан салынады, 4 су құбыры желісі қайта жаңғыртылады, 7 мектеп қазандығы көгілдір отынға ауыстырылады, 2 кентішілік газ құбыры салынады. Сонымен қатар 20 әлеуметтік нысан күрделі жөндеумен, 146 шақырым кентішілік жолдар орташа жөндеумен қамтылды. Соның нәтижесінде 1390 уақытша және 133 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019-2020 жылдары 26 жоба іске асырылды. Бағдарламамен 9 тірек және 1 серіктес ауыл қамтылды.

Бағдарлама жұмысының бірінші жылында облыста халық саны 22,2 мың адамды құрайтын 3 тірек ауылды қамтумен 1,2 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылды. Айта кетейік, аталған уақыт ішінде 135 жұмыс орны құрылды, бюджетке 150,6 млн теңге салық түсті.

2020 жылы 4,3 млрд теңге сомасына 15 жоба іске асырылды. Бағдарламада 7 перспективалы ауыл, оның ішінде жалпы саны 29,3 мың адам немесе облыс халқының 9,4%-ы бар 6 тірек ауыл қамтылды. 538 жаңа жұмыс орны құрылды, 690,5 млн теңге сомасында салық түсті.

Биылғы жылы халқының жалпы саны 57,9 мың адамды құрайтын 16 перспективалы ауылды дамытуға 5,4 млрд теңге көзделген. Аталған қаражаттың 65,4%-ы жолдарды дамытуға, оның ішінде 30,9%-ы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және 3,7%-ы ТКШ объектілеріне бағытталған. Облыстың ауыл халқының 18,5%-ын қамтитын 36 жобаны іске асыруға 1 қазандағы жағдай бойынша 3,2 млрд теңге игерілді (кезеңге 99,6% және жылдық соманың 58,4%), оның ішінде нысаналы даму трансферттері есебінен 2,3 млрд теңгеге 12 жоба іске асырылуда. Биылғы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,5 млрд теңге (99,5%) игерілді.

Айта кетейік, Жаңа қала, Жәнібек және Жымпиты ауылдарында жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге ауылішілік жолдарды салу бойынша 4 жоба іске асырылуда. 741,8 млн теңге немесе 100% игерілді. Қаратөбе және Казталовка ауылдарында 4 кентішілік автомобиль жолдарын қайта жаңартуға 824,9 млн теңге бөлінді. 597,2 млн теңге немесе 100% игерілді. Сол Қаратөбе ауылында да жаяу жүргіншілер жолы салынып, 172,8 млн теңгеге көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. 64,8 млн теңге немесе 100% игерілді. Сырым ауданының Жымпиты ауылында тұрғын емес ғимаратты қалпына келтіруге 179,7 млн теңге бөлінді. 110,5 млн теңге немесе 99,8% игерілді.

Ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 3,2 млрд теңгеге 24 жоба іске асырылуда. Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,7 млрд теңге (99,7%) игерілді.

Күрделі жөндеуге келетін болсақ, 2021 жылы 6 ауылдық елді мекенде 1,5 млрд теңге сомасына 13 жол жобасы іске асырылуда. 1,1 млрд теңге немесе 100% игерілді.

Сондай-ақ, әлеуметтік сала нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 10 жобаға 1,5 млрд теңге бөлінді, 582,2 млн теңге немесе 100% игерілді, оның ішінде:

- білім беру саласында 3 АЕМ-де 3 жоба – 980,6 млн теңге, игерілгені 180,8 млн теңге (98,1%);

- спорт саласында 1 АЕМ-де 1 жоба – 50,9 млн теңге, 45,7 млн теңге игерілді (100%);

- мәдениет саласында 6 АЕМ-де 6 жоба – 544,0 млн теңге, 326,7 млн теңге игерілді (100%).

Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы кәріз-сорғы стансасын күрделі жөндеуге 52,8 млн теңге бөлінді. 29,0 млн теңгесі немесе 100% игерілді.

Бүгінгі таңда облыста 696,6 млн теңгеге 6 жоба, оның ішінде көлік инфрақұрылымы бойынша 579,9 млн теңгеге 4 жоба, 45,7 млн теңгеге 1 спорт объектісі, 74,6 млн теңгеге 1 мәдениет объектісі аяқталды. Атап айтқанда: Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының көшелерінде асфальтбетон жабындысы бар жолдың жүру бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілді, 100% игерілді. Сондай-ақ, Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылындағы Қаратөбе спорт клубында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 45,7 млн теңге немесе 100% игерілді. Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы Есенжанов көшесіндегі автомобиль жолының құрылысы аяқталды. 35,1 млн теңге немесе 100% игерілді. Сырым ауданы Жымпиты ауылында жаңа ауылішілік жолдар ашылды. 99,1 млн теңге немесе 100% игерілді. Бәйтерек ауданы Махамбет ауылында ауылдық мәдениет үйі ғимаратын 74,6 млн теңгеге немесе 100% күрделі жөндеу бойынша жоба аяқталды.

Жобаны іске асыру барысында 631 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 333 жұмыс орны құрылды.

Батыс Қазақстан облысында 50 шақырымнан астам жол салынып, қайта жөнделіп, 1 мәдениет нысаны қайта жаңғыртылады. 4,4 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу және 7 көшені жарықтандыру жоспарланған. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 мектепте, 3 ауылдық клубта, 1 демалыс орталығында, 2 кітапханада, 1 спорт ғимаратында және 1 кәріз нысанында күрделі жөндеу жүргізіледі. Салық түсімі 980,3 млн теңге сомасында күтілуде.

Жалпы, 3 жыл ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру 23 перспективалы ауылды қамтыды, бұл перспективалы ауылдар санының 10,4% -ын құрайды, оның ішінде 19 тірек, 1 серіктес, 3 стратегиялық маңызды шекара маңы ауылы бар, онда 96,9 мың адам немесе облыстың ауыл халқының 30,9%-ы тұрады.

Қарағанды облысы

Облыс бойынша 179 перспективалы ауылдық елді мекен анықталды, олар ауылдық жерлердің тұрғындарының 80,7%-ын қамтиды. 2019 жылы жоба қабылданған сәттен бастап жобаға қатысқан алғашқы елді мекендер 3 аудан орталығы – Атасу, Нұра және Ұлытау ауылдары болды. Оларда 26 жобаны іске асыруға 1,4 млрд теңге бөлінді.

2020 жылы 47 жобаға 5,2 млрд теңге бөлінген тағы 13 ауыл қамтылды (13 тірек – Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті, Бұқар Жырау ауданының Ботақара кенті, Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті, Қарқаралы ауданының Көктас ауылы, Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылы, Қарқаралы ауданының Бүркітті ауылы, Нұра ауданының Баршын ауылы, Осакаров ауданының Осакаров кенті, Осакаров ауданының Трудовое ауылы, Осакаров ауданының Есіл кенті, Ұлытау ауданының Жезді кенті, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылы).

2019-2020 жылдары 32 әлеуметтік сала нысанына, 12 ТКШ объектісіне, 94 шақырым кентішілік жолдарға, 25 шақырым су құбыры желілеріне жөндеу жүргізілді (бұл Осакаров ауданының Есіл ауылының мыңнан астам тұрғынын сапалы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізумен қамтамасыз етті). Осы жобаларды іске асыру кезінде 678 уақытша жұмыс орны құрылды.

Биыл 33 ауылда 60 жобаны іске асыруға 6,4 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап Ақтоғай ауылындағы мәдениет және демалыс саябағын, Ботақара кентіндегі дене шынықтыру -сауықтыру кешенін реконструкциялау, Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентіндегі №16 орта мектепті күрделі жөндеу жобаларын аяқтау көзделген.

Ағадыр ауылында Ермеков атындағы орта мектепке жапсаржай құрылысы Ақтүбек ауылында мектепке жапсарлас спорт залының; Егіндібұлақ ауылындағы 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы; Кертінді ауылындағы 25 келушіге арналған ФАП және Шахтерское ауылындағы хоккей кортының құрылысы, Ақадыр кентінде кәріз желілері мен сумен жабдықтаудың резервтік желілерінің құрылысы, Құрма ауылында ауылдық клубтың қайта жөнделуі жүргізілуде; 14 әлеуметтік сала нысаны, 116,9 шақырым кентішілік жолдар жөнделуде.

Қостанай облысы

Қостанай облысында халық саны 348 мың адам болатын барлығы 520 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде даму әлеуеті бар 258 (49,6%) ауыл, оның ішінде 277,1 мың адам халқы бар 86 тірек (16,5%) және 172 серіктес (33,1%) ауыл (79,6%) бар. 2021 жылы Қостанай облысында 20 ауылдық елді мекенде 5 899,3 млн теңге сомасына 47 жоба іске асырылуда. Осы жылдың 20 қазанындағы жағдай бойынша 3 537,0 млн теңге немесе жылдық жоспардың 60%-ы игерілді.

Биыл облыста 6 нысанды, оның ішінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу бойынша 2 жобаны, сумен жабдықтау бойынша 1 жобаны (22 км), қазандық салу бойынша 3 жобаны қайта жаңарту жоспарлануда. Орташа және күрделі жөндеу 41 объектіде, оның ішінде 12 білім беру объектісінде (11 мектепте, 1 балабақшада), 2 денсаулық сақтау объектісінде (1 дәрігерлік амбулаторияда, 1 медпункт), 2 мәдениет объектісінде (1 мәдениет үйінде, 1 кітапханада), 25 көлік инфрақұрылымы объектісінде (28,4 км) жүргізіледі.

2022 жылға арналған республикалық бюджет жобасында облыста 19 ауылдық елді мекенде 3 021,8 млн теңге сомасына 38 жобаны іске асыру жоспарлануда. Мәселен, 6 нысан салынады немесе реконструкцияланады, олардың ішінде мектепке жапсаржай, емханаға жапсаржай, спорт залдары мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар. Орташа және күрделі жөндеу 32 объектіде, оның ішінде 6 білім беру объектісінде (мектептер мен балабақшаларда), 2 денсаулық сақтау объектісінде (емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда, медициналық пункттерде), 24 көлік инфрақұрылымы объектісінде жүргізілетін болады.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Облыста барлығы 103 перспективалы ауылдық елді мекен анықталды, олар ауылдық жерлердің тұрғындарының 83%-ын қамтиды.

2019 жылы жоба қабылданған сәттен бастап жобаға қатысқан алғашқы елді мекендер 2 аудан орталығы – Қармақшы ауданы Жосалы кенті және Жалағаш ауданы Жалағаш кенті болды. Оларда 31 жобаны іске асыруға 1,7 млрд теңге бөлінді.

2020 жылы бағдарламамен тағы 8 елді мекен қамтылды, оның ішінде Арал ауданының Жақсықылыш кенті, Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылы, Жалағаш ауданының Жалағаш кенті, Сырдария ауданының Ақжарма ауылы, Шиелі ауданының Ақмая ауылы, Жаңақорған ауданының Жаңақорған және Шалқия кенті және Қызылорда қаласының Ақсуат ауылы бар. Мұнда жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 60 жоба іске асырылды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асырудың алғашқы 2 жылында облыста әлеуметтік саланың 15 объектісіне, оның ішінде 8 орта мектепте, 5 мәдениет үйінде, 1 денсаулық сақтау объектісінде, сондай-ақ 97 км кентішілік жолдарға жөндеу жүргізілді. Осы жобаларды іске асыру кезінде 243 уақытша жұмыс орны, ал пайдалануға берілгеннен кейін тағы 109 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Биылғы жылы 26 ауылда 82 жобаны іске асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді. Мәселен, Шиелі ауданы Ш. Қодаманов ауылында газ құбырының, Арал ауданы Қамыстыбас ауылында, Жалағаш ауданы Аманөткел ауылында, Жалағаш ауылында, Қазалы ауданы Пірімов ауылында және Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланған.

Сонымен қатар, Жалағаш ауданының Таң ауылында дәрігерлік амбулатория салынады. Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Қазалы ауданы Әйтеке би орта мектеп ғимаратына спорт залын жапсарлас салу, Жалағаш ауданы Таң ауылында №118 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің, Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің және Ақжарма ауылының 7 көшесін жарықтандыру бойынша 3 жоба іске асырылуда. Тағы 64 жоба 83 көшеде жол-құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары бойынша жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2020 жылдан 2021 жылға дейін 4 өтпелі нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде, атап айтқанда:

- Арал ауданы Жақсықылыш кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы;

- Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебін салу;

- Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын тартудың сервистік желісін салу;

- Жаңақорған ауданы Шалхия кентіндегі 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы.

Сондай-ақ, 3 520 тұрғын үйге су құбырын және 3 307 үйге газ құбырын қосу жоспарлануда.

Маңғыстау облысы

Облыс бойынша барлығы 59 ауылдық елді мекен – 438 мың адам, оның ішінде бағдарламаға даму үшін әлеуеті бар және халқының саны көп – 398,2 мың адамды құрайтын 28 перспективалы АЕМ енгізілген.

2019 жылы аудан орталығы болып табылатын 3 ауылда (Маңғыстау, Бейнеу, Шетпе ауылдары) жобаны іске асыру басталды. Оларда 24 жобаны іске асыруға 1,3 млрд теңге бөлінді.

2020 жылы жобаны іске асыруға 7 ауылға (Бейнеу ауылы, Ақшұқыр ауылы, Қызылтөбе ауылы, Баянды ауылы, Басқұдық ауылы, Рахат ауылы, Шетпе ауылы) 4,1 млрд теңге бөлінді.

2019-2020 жылдары 57 жоба аяқталды (5 әлеуметтік сала нысаны, 8 ТКШ нысаны, 44 көлік инфрақұрылымы объектісі (Маңғыстау, Шетпе, Ақшұқыр, Баянды, Басқұдық, Қызылтөбе және Бейнеу ауылдарындағы 135 км ауылішілік автожолдардың құрылысы және орташа жөндеу).

2021 жылы 16 ауылда 5,1 млрд теңге сомасына 33 жоба іске асырылуда.

Осы жобалар шеңберінде: 8 әлеуметтік сала объектісі, 1 ТКШ объектісі, 24 көлік инфрақұрылымы объектісі салынатын болады.

Іске асырылып жатқан 33 жобаның 21-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, 12 жоба 2022 жылға өтпелі болып табылады.

Жобаларды іске асыру 504 жұмыс орнын құруға, сондай-ақ 663 млн теңгеден астам сомаға салық түсіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, республикалық бюджетті нақтылау кезінде Бейнеу ауылындағы Күйкен орта мектебіне оқу корпусының құрылысына 179,3 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Павлодар облысы

Павлодар облысында 188 перспективалы ауылдық елді мекен анықталды, олар ауылдық жерлердің тұрғындарының 81%-ын қамтиды. 2019 жылы жоба қабылданған сәттен бастап жобаға қатысқан алғашқы елді мекендер 4 аудан орталығы – Тереңкөл, Ертіс, Железинка, Баянауыл ауылдары болды.

Оларда 34 жобаны іске асыруға 1,5 млрд теңге бөлінді. 2020 жылы тағы 18 ауыл қамтылды, олар бойынша 95 жобаға 3,8 млрд теңге бөлінді.

2019-2020 жылдары 40 әлеуметтік сала нысанына (14 орта мектепте, 3 балабақшада, 6 мәдениет үйінде, 6 аудандық аурухана ғимаратында, 1 музыкалық мектепте (Железинка а.), 9 стадионда), 7 электрмен жабдықтау объектісіне (жарықтандыру), 120 шақырым кентішілік жолдарға (77 жоба), 7 шақырым су құбыры желілеріне (Железинка а.) жөндеу жүргізілді.

Хоккей корты (Ақтоғай ауылы), стадион (Шарбақты ауылы) және дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Жетекші ауылы) салынды.

Осы жобаларды іске асыру кезінде 539 уақытша жұмыс орны, ал пайдалануға берілгеннен кейін тағы 37 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Биыл 22 ауылда 70 жобаны іске асыруға 5 млрд теңге бөлінді.

Ямышев ауылында мәдениет үйін, М. Шорман және М. Жүсіп ауылдарында 8 шақырым көше жарығын, Заря ауылында футбол алаңын және Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория салу, Қызылжар ауылында ауылдық мәдениет үйін және Константиновка ауылында «Айгөлек» балабақшасын реконструкциялау, 8 әлеуметтік сала объектісін, 93,4 шақырым кентішілік жолдарды жөндеу жоспарланған.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында халық саны 299,5 мың адамды құрайтын 635 ауылдық елді мекен бар. Бұл ауылдардың ішінде 307-сінің (48,4%) – даму әлеуеті бар, оның ішінде 94 тірек (14,8%) және 213 серіктес (33,5%) ауыл, халқы 244,3 мың адам (81,6%).

Биыл облыста 50 ауылдық елді мекенде 9 690,3 млн теңге сомасына 75 жоба іске асырылуда. Биылғы жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша 5 413 млн теңге немесе жылдық жоспарға шаққанда 56% игерілді.


Сонымен, 11 нысанды салу және қайта жаңарту жоспарланған, оның ішінде 1 мәдениет нысаны, 4 спорт нысаны, 4 сумен жабдықтау және су бұру нысаны, 2 жылумен жабдықтау нысаны. Орташа және күрделі жөндеу 64 объектіде жүргізіледі, атап айтқанда:

- 25 білім беру нысаны (мектептер мен балабақшалар);

- 3 денсаулық сақтау нысаны (емханалар, дәрігерлік амбулатория, медпункт);

- 8 мәдениет нысаны (МҮ, демалыс орталықтары);

- 1 спорт нысаны (спорт залдары);

- 27 көлік инфрақұрылымы объектісі.

2022 жылға СҚО-да республикалық бюджет жобасында 41 ауылдық елді мекенде 5 521,8 млн теңге сомасына 49 жобаны іске асыру жоспарлануда. Осылайша, 6 нысан салынады немесе қайта жөнделеді, 43 нысанда орташа немесе күрделі жөндеу жүргізіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысы бойынша 2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 302 жобаны іске асыруға бюджеттен жалпы 16,1 млрд теңге бөлінді (ҰҚ – 14,5 млрд теңге; РБ – 346,0 млн теңге; ОБ – 1,3 млрд теңге). Оның ішінде:

- 8 мектептің қосымша құрылысына және 8 мектепті күрделі жөндеуге 3,8 млрд теңге;

- 1 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына және 4 денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге 799,2 млн теңге;

- 2 спорт нысанының құрылысына 458,8 млн теңге;

- 2 мәдениет нысанының құрылысына 399,8 млн теңге;

- 10 табиғи газбен қамтамасыз ету нысанының құрылысына 2 млрд теңге.

- Тағы 14 электр қуатымен жабдықтау нысанының құрылысына 1,6 млрд теңге және елді мекендерде 253 ішкі көшені орташа жөндеуге 7 млрд теңге (372,9 шақырым) бөлінді.

Жалпы облыс бойынша жол инфрақұрылымына бөлінген қаржылардың 30%-ға жуығы «Ауыл – Ел бесігі» жобасына тиесілі. Жоба асында елді мекендердің ішкі көшелерінің мәселесі шешілуде. Жобаларды іске асыру барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады. Ағымдағы жылы 280 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 22 нысан 2022 жылға өтпелі. Бүгінгі таңда, 182 нысанның жұмыстары аяқталып, пайдалануға қабылданды. Қалған нысандар, кестеге сәйкес жыл соңына дейін тапсырылады. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен 70 елді мекенге жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде:

- 8 елді мекендегі мектеп және 4 елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдары күрделі жөндеуден өтеді;

- 42 елді мекенде ұзындығы 346,2 шақырым 249 көше орташа жөндеуден өтеді;

- 1 елді мекенде жаңадан 75 орындық дәрігерлік амбулатория және 2 елді мекенге мәдениет нысандары салынады;

- 4 елді мекенге табиғи газбен қамтылады;

- 12 елді мекенге жаңа электр жүйелері тартылады.


Соңғы жаңалықтар