Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы Жолдаудың негізіне айналды - Лаура Демесінова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауы қаншалықты табысты орындалды? Мемлекет басшысының жаңа Жолдауынан не күтуге болады? Бұл туралы ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры, «Astana» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Лаура Демесінова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында пікір білдірді.

«Жарты жылға жуық уақыт бойы тұтас ел үйде, карантинде болды. Сондықтан, елдегі және бүкіл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандықтар Президент Жолдауын күтіп отыр. Өткен жылы іске асырылған Жолдаудың негізгі мәні – Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы болды. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаев екпін қойған негізгі бағыттардың бірі болды. Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының барлық дерлік тармақтары бүгінде белсенді жүзеге асырылуда. Мысалы, індет кезінде көптеген мемлекеттік органдар онлайн жұмыс режиміне көшті. Олар күн сайын азаматтардың өтініштерін қабылдап, халықпен өзара әрекеттестік орнатты», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруға және Президенттік Жастар кадрлық резервін қалыптастыруға айрықша мән берді.

«Бұл біздің еліміздегі ең жарқын оқиға болды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қоғамға қажет, пайдалы адамдар енгенін атап өткім келеді», - деді Л. Демесінова.

Сонымен бірге спикер Президенттің алдағы Жолдауынан не күтетіні туралы өз пікірімен бөлісті.

«Мемлекет басшысы айтарлықтай күрделі кезеңде Жолдау жасағалы отыр. Коронавирус індетін ешкім күткен жоқ. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев індет кезінде қабылдануы тиіс шараларды айтатын шығар. Бұл мәселе елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер етуі мүмкін, өйткені жағдай өзгерістің қандай қажет екенін көрсетті», - деді Лаура Демесінова.


Соңғы жаңалықтар