Халықаралық көшпенділер тағамы сайысында Қазақстан аспаздары жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғаш ұйымдастырылған «Nomad Food» халықаралық  гастрономиялық фестивалі аясында аспаздар сайысынан еліміздің аспаздар командасы үздік болып танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көшпелі халықтардың  ұлттық  тағамдарын әзірлеуден жарысқа түскен 14 команда барлығы 12 түрлі ас әзірледі.

Әділқазылар тағамдардың ерекше дәмінен бөлек, қайталанбас құрамы, астың әспеттелуі мен белгіленген уақытта дайындалуы бойынша бағалады.

«Барлық команда ас әзірлеуде құрамы жағынан да, дәмі жағынан да бір- бірін қайталамауымен ерекшеленді. Өзім қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуші аспаз болғандықтан, мен үшін тағамның дәмді ғана болуы емес, сонымен қатар қандайда өзіндік ұлттық мәнде болуы маңызды, яғни кез келген адам астың дәмін көргенде, бірден қандай және қай елдің тағамы екенін ажырата білетіндей. Бүгін барлық аспаздар жарады, мен ешкімді бөліп жарып,  бөлектегім келмейді. Дегенмен біздің отандық аспаздар өздерінің үздік екенін дәлелдей білді», - деді бас аспаз, әділқазылар мүшесінің төрағасы Артем Канцев.

Халықаралық «Nomad Food» көшпенділер тағамдары сайысының жеңімпаздары:

1 орын Қазақстан аспаздар командасы

2 орын командасы Румыния аспаздар командасы

3 орын командасы Өзбекстан аспаздар командасы

Барлық команда мүшелеріне халықаралық аспаздар фестиваліне қатысқанын растайтын арнайы сертификат пен бағалы сыйлықтар берілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Бурабайда тұңғыш рет «Nomad Food» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті.

 

Соңғы жаңалықтар