Халыққа ақшаны оңды-солды тарату бағаның өсуіне алып келеді - экономист

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қордың жылдық кірісінің жартысын «Отбасы банкіне» аударып отыру керек. Мұндай пікірді «ТALAP» ютуб-арнасында экономист Олжас Құдайбергенов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық» («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ) толыққанды корпоративтік құрылымға айналып келеді. Кірісін арттырып, дивидент төлеп отыр. Бюджет тапшылығы төмендеп, барлық қажетті әлеуметтік шығыстар толықтай қаржыландырылып жатыр. Ұлттық қорға қатысты айтар болсам, «Отбасы банкі» бар. Ұлттық қордың негізгі жинақталған активтеріне тиісудің қажеті жоқ. Жыл сайынғы сыйақысы бар. Міне, осы жылдық сыйақының жартысын, айталық Ұлттық қор жылына 2 млрд доллар табыс тапса, оның 1 млрд долларын жекелеген әлеуметтік санатты қолдау үшін «Отбасы банкіне» аударуға болар еді. Сонда ол мұқтаж жандарға көмек көрсететін жинақы құрылымға айналады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, халыққа ақшаны оңды-солды тарату бағаның өсуіне алып келеді.


Соңғы жаңалықтар