Халықты дәрі-дәрмекпен қамту: Үкімет қандай шаралар жасап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тақырыбы талқыланды. Онда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов және өңір басшылары есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 48% Қазақстанда өндіріледі.

«Елдің фармацевтикалық нарығында бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрі-дәрмек сатып алу үлесі ақшалай мәнде 42,4% құрайды. Ал отандық тауар өндірушілердің (ОТӨ) үлесі ақшалай мәнде 17% болып, заттай мәнде нарықтың 39% қамтамасыз етті. Соңғы жылдары отандық тауар өндірушілер экспортының 4,3 есе артқаны байқалады, оның 57,2% Ресейге, 32% - Қырғызстанға экспортталады», - деді министр.

2009-2020 жылдар кезеңінде бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 атауын жеткізу үшін 88 ұзақ мерзімді шарт бекітілген.

10 жылда отандық тауар өндірушілер өнімі 312,4 млрд теңгеден астам сомаға сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын көлемнің 30% отандық тауар өндірушілерден алады. COVID-19 дәрі-дәрмегінің 48% ел ішінде өндіріледі.

Дәрілік заттарды тіркеу кезіндегі сараптама жеделдетілді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы бағалау процедурасы 3 жұмыс күнінде жүргізіледі. ТЖ жағдайында сырттан келетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алу жеңілдеді.

Коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындық мақсатында дәрі-дәрмек қоры құрылып жатыр.

«Күзгі-қысқы кезеңде коронавирус инфекциясының ықтимал толқынына дайындалу үшін бірқатар шара қабылданды. Біріншіден, қоймаларда дәрілік заттардың азаймайтын екі айлық қорын қалыптастыру. COVID-19 бойынша 8,2 млрд теңгеге тапшы және сұранысқа 44 дәрі-дәрмек сатып алынады. Бұл дәрілер ай сайын шамамен 60 000 пациентті стационарда емдеуге мүмкіндік береді. КВИ екінші толқыны жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендетілмейтін қор көлемі ҚР ДСМ болжамымен өтінімдерден тыс сатып алынбақ. COVID-19 бойынша дәрілік заттардың екі айлық қоры Бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталады», - дейді А. Цой.

2020 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 37 дәрі-дәмек 5,92 млрд теңгеге сатып алынды. Бұл шара болуы ықтимал КВИ екінші толқыны үшін коронавирус науқастарын емдейтін дәрілік заттар қорын құруға көмектеседі және сұраныс пен ауру деңгейін жоспарлау мәселелерін шешеді.

«Екіншіден, медициналық ұйымдарда дәрілік заттар қорын жасау. Өңірлер пандемия кезінен бастап 16,6 млрд теңге болатын СOVID-19 дәрілік заттарының қосымша қажет екенін айтып келеді. Бірыңғай дистрибьютор 2020 жылдың 22 шілдесінен бастап, республикадағы барлық медициналық ұйымдарда, инфекциялық және провизорлық орталықтарда айлық қор қалыптастыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, бүгінде бірыңғай дистрибьютор 17,9 млрд теңгеге 91 дәрілік зат жіберді. Бұл шара медициналық ұйымдардың шұғыл қосымша қажеттілігін жабуға, COVID-19 дәрілерімен стационарларды толықтыруға, резервтер құруға мүмкіндік берді», - дейді Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен бірге, коронавирус диагнозы қойылған науқастар өз емханаларынан қызуды төмендететін дәрілер мен қан қойытылуына қарсы антикоагулянттарды тегін ала алады.

«COVID-19 емдеу үшін амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмек тізімі кеңейтілді. Яғни, коронавирус диагнозы қойылған науқастар аурудың жеңіл формасы кезінде ПТР-тест нәтижесіне қарамастан, тіркелген жері бойынша өз емханаларында емдеуші дәрігердің тағайындауымен қызуды төмендететін дәрілер мен антикоагулянттарды (қан ұюға қарсы препарат) тегін ала алады», - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, 1,5 млрд теңгеге шамамен 1 млн адамды қамту жоспарланып отыр.

«Қазірдің өзінде медициналық ұйымдарға 1,5 млрд теңге сомасында дәрі жеткізілді. Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтарда науқас санын азайтуға, COVID-19 жеңіл түрлерін амбулаториялық деңгейде емдеуге, халықтың дәрілік заттар алу шығындарын төмендетуге, стационарлық емдеу үшін мемлекет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. ҚР Үкіметінің қаулысымен «СҚ-Фармация» ЖШС дәрілік заттарды кейін бөлшек сауда желісінде сату үшін көтерме сатып алу құзырына ие болды. 3,1 млрд теңгеге 33 дәрі атауына өтінімдер жазылды. Қор 2020 жылдың 30 қазанына дейін құрылады», - деді министр.

Оған қоса, жеке қорғаныс құралдары да сатып алынып жатыр. 2020 жылы 18 қыркүйекте 8 жеткізушіден 10 млн медициналық маска сатып алынды. Оларды жеткізу аяқталып қалды. Медициналық ұйымдарда жеке қорғану құралдарының 3 айлық қоры құрылды. Қосымша «Шеврон» компаниясы қосымша 400 000 жеке қорғаныс құралдары түрінде гуманитарлық көмек көрсетеді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда фармацевтика өндірісінің көлемі 39,8% өсті.

«Еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін 96 кәсіпорын жүзеге асырады. Оның ішінде дәрілік заттар өндіру бойынша – 33 компания, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіру бойынша – 41 компания және медициналық техникаларды өндіру бойынша – 22 компания жұмыс істейді», - дейді министр.

Отандық кәсіпорындар күн сайын 900 мың маска шығарып жатыр. Қоймаларда 18 млн маска бар. Бұл ретте, кәсіпорындардың медициналық маска өндіру қуаты тәулігіне 1,2 млн данаға дейін жетеді. Кепілдендірілген сатып алу кезінде отандық кәсіпорындар медициналық маска өндірісін 1,5 млн-ға дейін ұлғайтуға дайын.

Медициналық қолғаптар бойынша, тәулігіне 330 мың жұп қолғап шығарылады. Қоймаларда 7 миллион жұптан асатын қолғап бар. Биылғы қараша айында өндіріс қуаты тәулігіне 530 мың жұпқа дейін артады.

Сондай-ақ, 6 отандық компания ай сайын 504 мың қорғаныс костюмін шығарады. Жыл соңына дейін өндіріс қуаты 1 миллионға дейін арттырылатын болады. Індеттің екінші толқыны жағдайында фармацевтикалық кәсіпорындар дәрілік заттардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге дайын.

Ауруханаларға Қазақстанда жасалған рентген аппараттары мен жедел жәрдем көліктері жіберіліп жатыр.

«Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем автомобилі шығарылды, оның 220-сы ел өңірлеріне жеткізілді (Алматы – 35, Нұр-Сұлтан – 14, БҚО – 20, Ақмола – 30, СҚО – 18 , Қостанай – 26, Ақтөбе – 19, Атырау – 22, Павлодар – 16, Маңғыстау – 20), Қазрігі уақытта қалған 156 көлік жіберілуде. Аталған бағдарлама аясында 5 қарашаға дейін 1 167 дана санитарлық көлік жеткізіледі», - дейді Б. Атамқұлов.

Сондай-ақ, Қазақстанда 63 дана жылжымалы медициналық кешен дайындалған. Бүгінде 45 дана медициналық кешені жөнелтілді, оның 25 данасы өңірлерге жеткізілді. Қалған 18 кешен ертең жөнелтіледі. Оның 37 данасы әлі өндірісте және 23 қазанға дейін пайдалануға беріледі.

Рентген аппараттарын сатып алуға қатысты, жергілікті атқарушы органдар «Ақтөберентген» акционерлік қоғамымен 49 дана рентген аппараттарын өндіру туралы келісімшарт бекіткен. Алғашқы 12 аппарат 9 қазанда Ақтөбе қаласына жеткізілді. Қалған 37 аппарат 30 қазанға дейін жіберіледі. Бұл аппараттар Түркістан, Ақмола, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарына барады.

Өз кезегінде отырысты қорытындылаған Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің коронавирустың ықтимал толқыны үшін барлық шараларды жасап жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысы пандемия кезеңінде негізгі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың республикалық және өңірлік тұрақтандыру қорын құруды тапсырды. Үкімет коронавирус инфекциясының жаңа кезеңіне дайындық, медицина ұйымдарын және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Биыл міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде тегін дәрілік заттардың тізбесі 3 есе немесе 45-тен 137 дәрі-дәрмек түрлеріне дейін ұлғайтылды», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы тамыз айынан бастап азаматтарға коронавирустан үйде емделу үшін дәрінің 5 түрі тегін берілетінін еске салды.

«Қазіргі уақытта жеке қорғаныс құралдары мен 91 дәрі-дәрмектен тұратын екі айлық республикалық және өңірлік қор жасау бойынша нақты жұмыс атқарылды. Дәріханаларда тапшылыққа жол бермеу үшін СҚ-Фармация бөлшек сауда желісін көбейту үшін аса қажетті 33 препаратты сатып алып жатыр. Дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Барлық өңірде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін көлемі 13 млрд теңгеден астам сақтандыру қоры құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Ведомствоаралық комиссияның шешімімен жергілікті бюджеттің есебінен қажетті дәрілік заттарды сатып алу үшін Тұрақтандыру қорын қалыптастыру әдістемесі бекітілді», - деді Асқар Мамин.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы елдегі қорғаныс құралдары мен медициналық маскалар өндірісін көбейтуді тапсырды.

«Әкімдіктер биылғы 1 қарашаға дейін тұрақтандыру қорларының көлемін бекітілген қаржылық нормативке жеткізсін, медицина ұйымдары мен дәріханаларда дәрі-дәрмекке қажеттілікті тұрақты қадағалауды қамтамасыз етсін. Бұл ретте дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорларының есебінен сатып алудың нақты алгоритмі болуы қажет», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Екіншіден, Үкімет басшысы Денсаулық министрлігі мен СҚ-Фармацияға стационарларда, әсіресе инфекциялық ауруханаларда мониторинг жүргізуді, дәрі-дәрмек тапшылығына жол бермеуді тапсырды.

«Үшіншіден, Индустрия министрлігі мен отандық фармацевтикалық өндірушілер отандық қорғаныс құралдары мен медициналық маскалар өндірісін тәулігіне


Соңғы жаңалықтар