+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануы туралы индикатор ұсынылды

2021 жылғы 14 қаңтар 20:45
Бөлісіңіз:
Халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануы туралы индикатор ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту орталығы Республика аумағында халыққа медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Жол картасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысы: емханалар 12 млрд теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек пен медбұйымдар сатып алады Алматы облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды Жаңа қаулы: 27-ші ақпаннан бастап Ақмола облысында қандай шектеулер алынады

Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту орталығында «ҚР халқына медициналық көмектің сапасын арттыру» тақырыбында онлайн пікірталас өтті. Оған ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының және өзге де ұйым, мекемелердің жүзден астам өкілдері қатысты.

«Медициналық көмектің сапасын арттыру жөніндегі Жол картасы үш бөлімнен тұрады: адами ресурстардың сапасын арттыру; пациентке бағдарланған медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету; барлық деңгейде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Медициналық көмектің сапасын бақылау үшін «Халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттануы» нысаналы индикаторы ұсынылады, ол 2025 жылға қарай медициналық көмектің барлық деңгейлерінде (стационарлық, амбулаториялық және оңалту деңгейінде) 75%-ға жетуі мүмкін», - деп хабарлады Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, пікірталаста отандық инновациялық технологиялар мен оларды енгізу тетіктерін әзірлеу талаптарына қатысты мәселелер көтерілді. Қатысушылар индикаторларды жақсарту немесе шекті деңгейді өзгерту және оқыс оқиғалардың алдын алу мен оған жол бермеу бойынша уақытылы шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттану индикаторымен қатар «Медицина қызметкерінің (дәрігердің, медбикенің) қанағаттануы» нысаналы индикаторын да енгізу ұсынылды.

Ұсыныстарды қарау және енгізу үшін Жол картасы жобасы Денсаулық сақтауды дамыту орталығының сайтына салынады. Барлық тұрғындар жол картасын талқылай алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT