Халықтың нақты табысын арттыру жұмыстарын күшейту қажет - Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықтың нақты табысын арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономика өсімін қамтамасыз ету тапсырмаларын орындау мақсатында осы жылға жоспарланған экономика өсімі қарқынын бірінші айдан бастап сақтау керек. Қаңтарда жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,6 пайызды құрады. Өсім негізінен құрылыста, саудада, көлік саласында, тау-кен өндірісінде, өңдеуші секторда, оның ішінде машина жасауда және қара металлургияда тіркелді», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, қаңтарда негізгі көрсеткіштер бойынша Атырау, Түркістан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының даму қарқыны жақсы.

«Экономика орнықты және сапалы өсуі үшін әр өңірдің үлесі маңызды. Мемлекеттік органдар мен өңірлердің басшылары инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, еңбек өнімділігі мен халықтың нақты табысын арттыру бойынша жұмысты күшейту қажет», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар