«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төрешілер шешімімен «Халықтың сүйіктісі - 2019» ұлттық сыйлығының ақтық дауыс беру қорытындысы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 маусымдағы лауреаттарының тізімі мынадай:

«Жылдың үздік мәдениет қайраткері» - қазақ әншісі, композитор Димаш Құдайберген;

«Жылдың үздік мұғалімі» - Нұр-Сұлтан қаласындағы экономикалық лицейдің педагогы Ербол Әренов пен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Түймеш Дәрішева;

«Жылдың үздік дәрігері» - ҚР ПІБ №1 МОА хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талапбек Әженов;

«Жылдың үздік спортшысы» - танымал қазақ дзюдошы, Рио-де Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов;

«Жылдың үздік спортшы қызы» - Мәнерлеп сырғанаудан 2019 дылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева;

«Жылдың үздік парламентарийі» - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев;

«Жылдың үздік тележүргізушісі» - «КТК» телеарнасының «Дау-дамайсыз» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Гүлмира Әбіқай;

«Жылдың үздік публицисі» - 30 кітап авторы, публицист Бақытқожа Рүстемов;

«Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы» - «Informburo.kz;

«Блог саласының көшбасшысы» - Facebook блогері Самат Нұртаза;

«Жылдың үздік трэвел-блогері» - бизнесмен, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов;

«Жылдың үздік кәсіпкері» - «Гормолзавод» ЖШС-ның бас директоры Асен Жақсалықов;

«Жылдың үздік әлеуметтік белсендісі» - эколог Шасалим Шагалимов;

«Жылдың үздік вайнері» - Серғазы Тоқтарбек (Seka Vines).

Мұнан бөлек, сыйлық төрешілерінің шешімімен «Алтын дәуір» арнайы сыйлығы танымал қазақ композиторы, мемлекет қайраткері Төлеген Мұхамеджанов пен Спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Құлназаровқа берілді.

Қазақстандық «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қоры 2011 жылы бекіткен ұлттық сыйлық қоғамда танымал адамдар мен ұйымдарға беріледі. Дауыс беру үш кезеңнен тұрды. Алғашқысы – алдын ала кезең (ұсыну) болса, бірінші кезең – Facebook желісі арқылы жүргізіліп, ал соңғы кезең сайттың ресми сайтында өтті.

Еске сала кетсек, «Халықтың сүйіктісі-2018» жүлдесіне ие болған жеңімпаздар биылғы қаңтарда марапатталған болатын. «Жылдың үздік ақпараттық интернет-басылымы» номинациясын «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі жеңіп алған еді. Димаш Құдайберген де 2015 жылы сыйлық лауреаты атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар