Хаменеидің кеңесшісі генерал Сулейманидің өліміне қатысты Иран қалай жауап беретінін айтты

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Ислам революциясы күзет корпусына қарайтын «Кудс» арнайы бөлімшесінің басшысы генерал Касем Сулейманидің өліміне қатысты Иранның жауабы әскери немесе әскери нысандарға қатысты болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

CNN агенттігіне Тегеранда эксклюзивті сұхбат берген Ислам революциясының Жоғарғы көшбасшысы аятолла Хаменеидің кеңесшісі Хоссейн Дехган осылай мәлім етті.

«Америка соғысты бастады. Сондықтан олар өз іс-қимылдарына сай жауап алуы тиіс. Кикілжіңнің осы кезеңінің аяқталуы, тек қана америкалықтар өздері жасаған соққысына тең келетін соққы алғанында ғана болады», - деді Иранның бұрынғы қорғаныс министрі.

Ол «Иранның Жоғарғы көшбасшысы Иран соғысты таңуға ұмтылмайтынын мәлім еткенін» атап өтті.

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Бағдат халықаралық әуежайына жасалған ракета шабуылынан 8 адам көз жұмды. Ракеталар «Аль-Хашд аш-Шааби» шиит жасағына қарсы бағытталған болатын. Кейіннен бұл америкалық Пентагонның операциясы екені белгілі болды.

Айта кетейік, ракета шабуылынан қаза тапқандар арасында ирандық Ислам революциясы әскерлері корпусының арнайы мақсаттағы «Аль Кудс» қарулы күштерінің қолбасшысы Касем Сүлеймани де бар.

Ал, АҚШ Президенті Трамп Иранның маңызды нысандарын атқылау мүмкіндігін жоққа шығармады.






Соңғы жаңалықтар