Хиуаның түркі әлемінің мәдени астанасы болғандығы туралы сертификат табысталды

None
None
ХИУА. ӨзА-ҚазАқпарат - «Орталық Азия әлемдік өркениеттер тоғысында» атты халықаралық мәдени форумы аясында Хиуадағы «Ичан-Қала» мұражай-қорығында «Хиуа-түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жариялануына арналған мәдени шара ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты шарада Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары - Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов қатысып, іс-шараға келген шетелдік ұйымдардың өкілдерін жылы қарсы алды.

Мәдени шара аясында ЮНЕСКО-ның Өзбекстандағы өкілі Габриелла Рамос, ТҮРКСОЙ директорының орынбасары Биләл Чакиджи, Өзбекстан Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков пен Хиуа қаласының мэрі Темур Давлетовке Хиуаның «Түрік әлемі мәдениетінің астанасы» болып жарияланғандығы туралы сертификат салтанатты түрде табысталды.


Соңғы жаңалықтар