+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

ХҚО-ға құжатын тапсырған азаматтар оны қалай алады

2020 жылғы 26 наурыз 16:41
Бөлісіңіз:
ХҚО-ға құжатын тапсырған азаматтар оны қалай алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын egov.kz порталынан алуға болады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Италияда коронавирусты жұқтырған тағы 3 039 адам анықталды 23:40-тағы ахуал: Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тіркелді Қазақстанда 51-ші адам коронавирустан жазылып шықты

«Президенттің тапсырмасымен Қазақстанның барлық қалаларында халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда, мемлекеттік қызметтің 80 пайыздан астамын egov.kz порталынан алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар қызметтер мен сервистер мобильді қосымшада, Телеграм мен әлеуметтік желілерде қолжетімді. Жақын арада онлайн-қызметтер саны артады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, мұнан бөлек, 1414 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы бір уақытта мыңнан астам адам кеңес ала алады. Кеңес беру бейне байланыс арқылы да қолжетімді

«Сонымен бірге, 21 наурызға дейін құжат тапсырған азаматтар құжаттарын сол тапсырған орталықтан 28 наурызға дейін ала алады. Одан кейін, әр қалада бір ғана орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да өз қызметтерін онлайн режимде жасайды. Құжаттар қолма-қол беріледі», - деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT