Хоккей: «Амур» - «Барыс» кездесуін қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Ресейдің «Амур» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Амур» және «Барыс» командалары арасындағы кездесу елорда уақытымен 15.00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінгі күнге дейін 35 мәрте кездескен. Оның 18-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыласына есе жіберді. Айта кетерлігі, биылғы дүбірлі додада екеуі үш мәрте кездесіп, оның екеуінде елордалық клуб басымдық танытты.

Естеріңізге сала кетелік, қазір «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі жалпы турнир кестесінде 84 ұпаймен төртінші орында тұр. Плей-офф кезеңіне берілетін жолдамаға бірнеше тур бұрын қол жеткізіп қойды. Ал «Амур» 60 ұпаймен 18-орында келеді. Олар плей-офф кезеңінен шет қалды.

Елордалық клуб соңғы тоғыз кездесудің сегізінде жеңіске жетті. 24 ақпанда Владивостокта жергілікті «Адмиралды» 3:1 есебімен тізе бүктірді . Ал «Амур» ала-құла ойынымен жанкүйерін қуанта алмай жүр. Соңғы үш кездесуде қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Бұдан бұрын өз айдынында Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасынан овертаймда 2:3 есебімен жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар