+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Хоккей: «Барыс» овертаймда «Ак Барстан» жеңілді

2021 жылғы 23 ақпан 19:59
Бөлісіңіз:
Хоккей: «Барыс» овертаймда «Ак Барстан» жеңілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 23 ақпанда елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Странджа-2021»: Қазақстандық алты боксшы жартылай финалда жұдырықтасады Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің жартылай финалына шықты Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: Александр Недовесов жұптық сында финалға шықты

Екі команда бұған дейін 40 мәрте шеберлік байқасты. Оның он сегізінде «Барыс» басымдық танытса, қалғанында «Ак Барстың» мерейі үстем болды. Елордалық клуб олардың қақпасына 75 шайба соқса, өз қақпасына 137 гол жіберіп алды.

Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы төрт ойында ресейлік клубтың үш мәрте мерейі үстем болды.

Сондықтан бүгінгі ойын тартысты өтті. Елордалық команда сапынан Кёртис Валк 19-минутта мергендігімен көзге түсті. Ал 32-минутта Даррен Диц есепті ұлғайтты.

Бұдан кейін «Ак Барс» сапынан Виктор Тихонов 34, Дмитрий Юдин 50-минутта гол соғып, таразы басын теңестірді. Ал 51-минутта Фил Вароне «Барысты» тағы да алға шығарса, оған ресейлік хоккейші Кирилл Петров бір шайбамен жауап қайырды.

Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Ак Барс» сапынан Артём Галимов жеңіс шайбасын соқты. Осылайша елордалық команда қарсыласына 3:4 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» сырт айдында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын елордада «Сибирьге» есе жіберді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT