Хоккей: «Барыс» соңғы турда «Авангардқа» есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» 27 ақпанда Ресейде «Авангард» (Омбы) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі команда арасындағы соңғы төрт ойынның үшеуінде қазақстандық клубтың мерейі үстем болды.
«Барыс» турнир кестесінде 59 ойыннан кейін 69 ұпаймен 11-орында келеді. Ал «Авангард» 59 ойыннан кейін 82 ұпай жинап, 4-орында тұр.
Командалар плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізіп қойған болатын. Соған қарамастан бүгінгі ойын тартысты өтті.
Есепті 2-минутта «Барыс» ойыншысы Кирилл Панюков ашты. Ал 16-минутта «Авангард» сапынан Илья Ковальчук таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңнің 21-минутында ресейлік хоккейші Сергей Толчинский «Авангардты» алға шығарды. Ал 41-минутта «Барыс» хоккейшісі Даррен Диц көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Сергей Толчинский 42-минутта қайтадан ресейлік клубтың басымдығын арттырса, Денис Зернов есепті үстемелей түсті. Ал 59-минутта Сергей Чинаков қорытынды есепті белгіледі. Кездесуде «Барыс» қарсыласынан 2:5 есебімен жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасынан басым түсті.
Бүгін құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңінде командалар соңғы тур ойындарын өткізеді. Плей-офф кезеңі 2 наурызда басталады. Финал -30 сәуірде.
- «Канело» 39 жастағы Головкинмен айқастан қашқақтап жүр
- Ресейдегі халықаралық турнирде Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын жеңді
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін жетінші тур ойындары басталады
- Ресейдегі халықаралық турнирде екі боксшы жартылай финалға шықты
-
Бокстан ӘЧ: Тағы бір қазақстандық жүлде алды
-
Бокс: Жұлдыз Шаяхметова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам