-
ОНЛАЙН:
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 14 қаңтарда елордада «Салават Юлаев» (Қазан) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын астана уақытымен сағат 19.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін биылғы турнирде екі мәрте кездесті. Уфа қаласында 2020 жылдың 22 қазанында өткен ойында «Барыс» овертаймда 3:2 есебімен басым түссе, 22 қарашада болған кездесуде ресейлік клуб 4:1 есебімен жеңіп кетті.
Айта кетейік, «Барыс» соңғы 10 кездесудің 7-де басымдық танытты. Турнир кестесінде 42 ойыннан кейін 49 ұпаймен 16 орында келеді.
Ал «Салават Юлаев» соңғы 10 ойында небәрі 3 рет қана жеңілді. Турнир кестесінде 46 ойыннан кейін 58 ұпай жинап, 7 орында тұр.
Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын 12 қаңтарда елордада Ресейдің «Ак Барс» командасынан жеңіліп қалған болатын.
- Садриддин Ахмедов Мексикада 3 титул үшін айқас өткізеді
- ШҚО-да Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді
- Футбол: Алматының «Қайраты» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды
- Футзал: «Қайрат» ойыншысы 2020 жылғы әлемнің үздік қақпашысы атанды
-
Теннис: Зара Дәркен Еуропа жасөспірімдер рейтингісінде 21-орынға көтерілді
-
Футзал: Израиль мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу кейінге шегерілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам