Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» бүгін, 26 қаңтарда елордада Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын астана уақытымен сағат 19.20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін биылғы турнирде бір мәрте кездесті. 2020 жылдың 13 желтоқсанында Челябинскіде өткен ойында «Барыс» 4:2 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, «Барыс» бүгінгі қарсыласын жеті ойын қатарынан жеңіп келеді. Соңғы рет «Витязь» қазақстандық клубты 2016 жылдың 2 желтоқсанында Подольскіде овертаймда 4:2 есебімен тізе бүктірген еді.
«Барыс» соңғы 10 кездесудің 7-інде басымдық танытты. Турнир кестесінде 47 ойыннан кейін 57 ұпаймен 11-орында келеді.
Ал «Трактор» соңғы 10 ойында 6 рет жеңілді. Турнир кестесінде 48 ойыннан кейін 57 ұпай жинап, 10-орында тұр.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» «Витязь» клубынан басым түсті.
- Ақтөбеде су добынан ел біріншілігі өтіп жатыр
- Түркістанда футболдан суперкубок ойындары көрерменсіз өтеді
- Футбол: Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды
- «Странджа-2021»: Қазақстандық алты боксшы жартылай финалда жұдырықтасады
-
Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің жартылай финалына шықты
-
Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: Александр Недовесов жұптық сында финалға шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам