+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Хоккей: Қазақстан чемпионатына БАӘ командасы қатысуы мүмкін

2020 жылғы 18 наурыз 06:00
Бөлісіңіз:
Хоккей: Қазақстан чемпионатына БАӘ командасы қатысуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы кезеңде шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатына Біріккен Араб Әмірлігінің командасы қатысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан шайбалы хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Алматы» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және  ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Команда аталған мемлекеттің Абу-Даби қаласының атынан қатысады. Қазір команданың бюджеті мен логистика мәселесі талқылануда.

Алдағы Қазақстан чемпионаты 2020 жылдың 25 тамызы мен 2021 жылдың 25 сәуірі аралығында өткізу жоспарланған. Ал кубок ойындары биылғы жылдың желтоқсан айында өткізіледі.

Биыл Қазақстан чемпионатында он отандық команда мен өзбекстандық «Хумо» командасының фарм-клубы бақ сынады.

Бұдан бұрын коронавирус қаупінің алдын-алу мақсатында шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты жеңімпаз анықталмастан тоқтатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT