Хоккейден әлем чемпионаты-2020: Қазақстан құрамасы дайындығын бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы сәуір айының аяғында әлем чемпионаты топ дивизионының финалдық кезеңіне дайындығын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, дүбірлі дода Латвия астанасы - Рига қаласында 21 мамыр мен 5 маусым аралығында болады. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия.

Қазақстандық хоккейшілер алғашқы оқу-жаттығу жиынын елордада өткізіп, «Барыс» аренасында дайындалады. Ал 15 сәуірде үміткерлер жеке жоспар негізінде әзірлігін жүргізеді. Ал 29 сәуірде ұлттық құрамаға шақырту алған барлық хоккейші елордаға жиналады. Одан кейін құрама Рига қаласына аттанады. Онда 13 және 15 мамыр күндері Беларусь құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстандық хоккейшілері әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында 22 мамырда Латвиямен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасы бұған дейін әлем чемпионаты топ дивизионының финалдық кезеңінде тоғыз мәрте бақ сынады. 2005 жылы әзірге ең жоғары көрсеткіші - 12 орын алды.

Еске сала кетейік, коронавирус инфекциясының өршуіне орай 2020 жылы әлем чемпионаты өткізілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар