Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан Франция құрамасымен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 мамырда Қазақстан құрамасы Финляндияда өтетін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында екінші ойынын өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Франция құрамасымен ойнайды. Бұл матчты Qazsport телеарнасынан көруге болады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:20-да басталады.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатындағы бірінші ойынында Дания құрамасынан 1:9 есебімен жеңілді.
Қазақстаннан жалғыз шайбаны матч соңында (59-шы минут) Кирилл Савицкий соқты.
Соңғы жаңалықтар