Хоккейден «Қазақстан кубогы» алғаш рет үш қалада өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «PARIMATCH – Хоккейден «Қазақстан кубогы» елдің үш қаласында өтеді. Турнир Қарағанды, Көкшетау және Павлодар қалаларында болады, деп хабарлайды SPORTINFORM Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы турнир мүлдем басқаша болмақ, себебі биылғы маусымда қатысушылар құрамы ғана емес, сондай-ақ оны өткізу форматы да өзгерді.
• Қазақстан Кубогының алғашқы ойыны 2001/02 маусымнан бастау алды. Ол тарихтағы ең ұзақ Кубок болып, 2001 жылдың 24 қазанынан бастап, 2002 жылдың 31 наурызына дейін созылды.
• Қазақстан Кубогының алғашқы үш ойыны «Қазцинк-Торпедоның» жеңісімен аяқталды. Өскемендіктер бұрынғыша турнирдің рекордшылары болып отыр. Олардың қоржынында төрт жеңіс бар (2002-2004, 2007).
• 2011 жылы Кубок ойындары тарихында матчтар алғаш рет екі елордалық аренада – «Қазақстан» мұз сарайы мен «Барыс» спорткешенінде өтті.
• 2013 жылы ойындар алғаш рет екі қалада – Көкшетау мен Теміртауда өтті. Кейінірек бұл дәстүрге айналды.
• 2019 жылғы Қазақстан кубогы 2013 жылдан бері алғаш рет бір ғана қала – Алматыда өтті. Матчтарды «Halyk Arena» қабылдады. Кубок матчтары алғаш рет QAZSPORT телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.
Қазақстан Кубогының соңғы төрт маусымында екі ғана команда жеңіп келгенін айта кету керек. Петропавлдық «Құлагер» мен өскемендік «Алтай Торпедо» екі реттен жеңіс тұғырынан көрінді.
- Ақтөбеде су добынан ел біріншілігі өтіп жатыр
- Түркістанда футболдан суперкубок ойындары көрерменсіз өтеді
- Футбол: Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды
- «Странджа-2021»: Қазақстандық алты боксшы жартылай финалда жұдырықтасады
-
Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің жартылай финалына шықты
-
Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: Александр Недовесов жұптық сында финалға шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам