ІІМ: Қазақстандықтардың шетелге жылына бір рет қана шығатыны туралы ақпарат - жалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР ІІМ қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқандығы туралы хабарлама тарап жатыр. Бұл – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл «жаңалықтың» түпнұсқасы Instagram-дағы Qaznews24 сатиралық паблигінен алынған. Бұл аккаунттың профилінде барлық жарияланымдардың шынайы емес, тек көңіл көтеру мақсатында ойлап табылатындығы және шындыққа еш қатысы жоқ деп жазылған.

Дегенмен, блогерлер хабарламаны дереккөзді көрсетпестен таратып, оқырмандарды «жаңалықтың» шынайылығына сендірген.
ҚР ІІМ шетелге шығу санын шектеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Instagram қолданушысы көші-қон саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты жалған ақпарат жариялады. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. ІІМ өз кезегінде келісімдерге қол қою кезінде ең алдымен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, «Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар», – делінген ведомство жауабында.

1ҚР ҚК 247-бабына сәйкес, жалған ақпарат тарату заң бойынша қудаланады. Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар