iKOMEK109 орталығы ПИК-тер мен лифт компанияларының сапасыз жұмысын талдайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы жән бақылау басқармасында Нұрлан Нүркеновтің төрағалығымен ПИК пен лифт шаруашылықтары жұмысының проблемалы мәселелері бойынша жиын болып өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жиын барысында күнделікті iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына келіп түсетін ПИК жұмысының проблемалы мәселелері қаралды.

Жыл басынан бері КПТҮ желісі бойынша 15 560 өтініш келіп түсті. Ағымдағы жылдың 16 шілдесі мен 23 шілдесі аралығындағы кезеңде 473 өтініш келіп түсті, бұл өткен апталармен салыстырғанда 2%-ға көбірек. Өтініштердің көпшілігі сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және санитарлық тазалау мәселелеріне қатысты.

«Ағымдағы жылдың басынан бері КПТҮ-лердегі қасбеттердің жайсыз күйіне байланысты 534 өтініш келіп түсті, оның ішінде 363 өтінім қаптайтын тақтайлардың құлауына, салбырауына және сыртқы қабатты қалпына келтіруге байланысты болды. Қазіргі таңда 23 өтініш атқарылу үстінде. Тәулігіне орта есеппен 12 өтініш келіп түседі.

Атап айтқанда, келіп түскен өтініштердің көпшілігі »Тұрмыс« ЖШС және »Құрмет 2000« ЖШС ПИК-теріне жолданды.

Сонымен қатар 2018 жылы iKOMEK109-ға лифт жабдықтарының жұмысы бойынша 3 539 өтініш келіп түсті. 2018 жылы iKOMEK109 операторлары қабылдаған өтініштер саны 1977-ні құрады. Тек ағымдағы жылдың басынан бері операторлар 2 201 өтінішті қабылдады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі өтініштер санымен салыстырғанда 10%-ға артық», - деп баяндады Қалалық iKOMEK109 орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева.

Осылайша, iKOMEK109 ұсынған талдау мәліметтері негізінде Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы ПИК пен лифт шаруашылықтарының проблемалы мәселелеріне нақты мерзімдер белгіледі. 3 апталық отырыстар нәтижесінде тиімсіз ПИК-тер анықталды. Қазіргі таңда ПИК-тер шағымдар мен өтініштерді шешу бойынша жұмыс жүргізуде, олардың қорытындысы бойынша жұмыс жөнінде есептер ұсынылатын болады.

iKOMEK109-ға келіп түскен әрбір өтініш тиісті жауапты ұйымға жолданып қана қоймай, оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдау үшін қаланың түйткілді мәселелерін талдауға негіз болады.

Соңғы жаңалықтар