«Іле Алатауы» паркіндегі шыршалар күні-түні күзетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Іле Алатауы» ұлттық паркі басшылығы шыршаларды заңсыз отаудың алдын алу үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа жыл қарсаңында мереке символы шыршаны заңсыз отайтындардың қатары көбейеді.

«Жасыл желекті қорғау мақсатында Іле Алатауы паркінде кезекшілік кестесі құрылды. Парктің 12 бақылау-өткізу пунктінде тәулік бойы кезекшілік тұратын болды», - делінген ұлттық парктің Facebook-тегі парақшасында.

Мамандардың айтуынша, қылқанжапырақты ағаштарды кескен жағдайда ҚР Үкіметінің №441 қаулысына сәйкес кесілген бір шыршаның орнына 15 АЕК, яғни 36 мың теңге айыппұл салынады. ҚР ҚК 340-бабының 2-тармағы бойынша 160 АЕК, 384 мың теңгеге дейін айыппұл салынып немесе 40 тәулікке қамалуы ықтимал.

«Халықтан табиғатқа ұқыптылықпен қарауын сұраймыз. Жүздеген жыл бойы өсетін шырша ағаштарын бір сәтте отауға болмайды. Мәңгі жасыл ағаштарды ұрпағымызға да қалдыруымыз керек», - дейді Іле-Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлері.

фото:facebook.com
Соңғы жаңалықтар