+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Іле өзенінде мөңке мен ақ амур балықтарының неден қырылғаны белгілі болды

2020 жылғы 15 мамыр 22:50
Бөлісіңіз:
Іле өзенінде мөңке мен ақ амур балықтарының неден қырылғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Іле өзенінде мөңке мен ақ амур балықтарының қырылуына газ режимінің дұрыс болмауы себеп. Бұл жайында Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 26 сәуірінде «Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық испекциясы» РМК инспекторлары Іле өзенінде браконьерлік фактілерді анықтау және олардың жолын кесуге бағытталған шолғындау шараларын жүргізген. Рейд барысында Д.Қонаев атындағы көпір аумағынан өлі балықтарды тапқан. Өлген мөңке және ақ амур балықтарын сырттай қарау барысында олардың қабыршақтарының өзгергені анықталған. Осыдан кейін инспекторлар барлық мүдделі мемлекеттік органдарға хабар беріп, 201 келі мөңке және 152 келі ақ амур балығын жинап алған.

Сонымен қатар судан және балықтан сынама алынып, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Балқаш филиалына жіберілген.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Балқаш филиалы қорытындысына сәйкес, балықтардың қырылуына арналардың ішіндегі ағынның болмауы, газ режимінің қанағаттанарлықсыздығы, улы химикаттар себеп болған. Иммунитеті әлсіз балықтар арна ішінде жүрген кезде өліп қалған. Кейбір балық синэргазилезге шалдыққан», - деп атап өтеді комитеттен.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының инспекторлары балық пен су сынамасын зертханалық зерттеу жүргізу үшін Алматы қаласына да жіберген. Ұлттық ветеринария жөніндегі референттік орталықтың Алматы филиалы қортындысына сәйкес, зерттелген сынамалардың құрамында кадмий, сынап, қорғасын, күшәла сынды улы элементтер, цезий-137 және стронций-90 сынды радионуклидтер деңгейі шекті нормадан аспаған.

«Бүгінде аталған учаскеде балықтардың қайтадан қырылуы анықталған жоқ«, - деді ведмостводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT