Індет жұқтырған ақтөбеліктің анасынан коронавиус инфекциясы табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бесінші адамнан коронавиус инфекциясы анықталды. Ол індет жұқтырған адаммен байланыс жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқас коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған соң 29 наурыздан бастап карантиндік госпитальде болды. Ал 31 наурыз күні одан анализ алынып, сараптама теріс нәтиже көрсетті. Жедел респираторлы вирустық инфекция және коронавирус белгісі тіркелмеді. Кеше анализ қайта алынып, бүгін расталып отыр. Ол инфекциялық ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы – қанағаттанарлық. Өңірде бес адам індет жұқтырған. Оның төртеуінің жағдайы тұрақты, біреуінің жағдайы орташа ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдегі жұқпалы аурулар ауруханасында 36 адам жатыр. Провизорлық госпитальде ЖРВИ белгілері бар 69 адам, облыстың карантин госпиталінде аурумен қарым-қатынаста болған 85 адам бар. 1 «б» санаты бойынша 685 адам үйден карантинге алынды. Дәрігерлер эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген 353 адаммен телефон арқылы байланыс орнатты.

Еске салсақ, инфекция жұқтырған үшінші науқас Мысырдан келген болатын. Бүгін оның анасынан індет анықталды.


Соңғы жаңалықтар