+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Індетті жеңуге болады - Премьер-Министрдің орынбасары

2020 жылғы 2 шілде 18:20
Бөлісіңіз:
Індетті жеңуге болады - Премьер-Министрдің орынбасары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі қабылданған шешімнің жүзеге асуы әр азаматқа тікелей баланысты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы берілді. Коронавирусқа байланысты күрделенген мәселелерді шешу бойынша жолдар айқындалды. Сондықтан індетке қатысты баршамыз бірдей жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Басында коронавирусқа сенбеген кездер болды. Осы күмәннің бәрі артта қалды деп айтуға толықтай негіз бар деп ойлаймын. Қазіргі қабылданған шешімнің жүзеге асуы әр азаматқа тікелей баланысты», - деді Е.Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол халықтан карантин шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.

«Осы бағытта дұрыс түсініп, атқарылатын шараларда бір-бірімізді толықтай қолдайтын болсақ, індетті жеңуге болады», - деді Үкімет басшының орынбасары.

Е. Тоғжановтың атап өтуінше, коронавирус инфекциясына қарсы күрес аясында енгізілген шектеулерге қарамастан, елімізде тығылып той тойлау үрдісі тыйылмай жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT