Индонезияда түнгі клубтағы жанжал салдарынан 19 адам қаза тапты

None
None
ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Индонезияның Батыс Папуа провинциясында екі қауым арасында жанжал туып, салдарынан кем дегенде 19 адам қаза тапты. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі жергілікті полиция өкілдеріне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, Соронг қаласында түнгі клубта екі топ арасында дау туып, салдарынан клуб отқа оранған.

Бұл келеңсіз жағдай туралы әзірге басқа мәліметтер айтылмай отыр.


Соңғы жаңалықтар