Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 80-ге жуықтады

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Индонезиялық құтқарушылар жұма күні Сулавеси аралында 78 адамның өмірін қиған жойқын жер сілкінісінен кейін ғимарат үйінділерінің астында қалған адамдарды іздеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Голос Америки»-ге сілтеме жасап.

800-ден астам адам жарақат алған. Мыңдаған адамдар баспанасыз қалды.

Батыс Сулавеси провинциясының Мамуджу ауданынан оңтүстікке қарай 36 шақырым жерде 18 км тереңдікте 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады АҚШ Геологиялық қызметі.

Ауыр техникамен жабдықталған құтқарушылар тобы Мамуджу қаласы мен көршілес Маджене ауданында тәулік бойы тірі қалғандарды іздестіруде.

Жұма күнінен бастап энергиямен қамтамасыз ету жүйесі мен телефон байланысы жақсарды, бұл құтқару операциясына көмектеседі.

Бейсенбіде дәл осы аймақта 5,9 балдық су асты жер сілкінісі болып, бірнеше үйге зақым келді, бірақ адам шығыны болған жоқ.


Соңғы жаңалықтар