Индонезиядағы алапат су тасқынынан 60 адам ажал құшты

None
None
ЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Сенбі, 4 қаңтарда Индонезия құтқару қызметі су тасқынынан зардап шеккен елдің шалғай аудандарына азық-түлікті тікұшақпен жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сhannelnewsasia.com сайтына сілтеме жасап.

Табиғи апаттан қаза тапқандар саны 60 адамға жетті. Ел билігі жауын-шашынның тағы да жаууынан қауіптеніп отыр.

Су тасқынынан үлкен қалалық конгломераттың баспанасына зардап шеккен 170 000-нан астам адам эвакуацияланды. Соңғы деректер бойынша Жакартада 30 миллион адам тұрады.

Жаңа жыл қарсаңында басталған жауын-шашыннан Ява араланың оңтүстік бөлігі мен аймағында су тасқыны мен көшкін болған.

Сенбі күні Индонезия табиғи апат залалын жою агенттігінің өкілдері қаза тапқандар санының 60-қа жеткенін мәлім етті.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілдері 11 мыңға жуық медицина қызметкерлері мен сарбаздар А гепатиті, маса арқылы таралатын денге безгегі және басқа да аурулардың, соның ішінде инфекциялардың алдын алу үшін дәрі-дәрмектер, дезинфекциялық құралдар, гигиеналық жиынтықтар және тамақ жеткізу үшін жіберілгенін айтты.

Жакарта қарашаның аяғында басталатын жаңбыр маусымында су тасқынынан үнемі зардап шегіп келеді. Сарапшылардың айтуынша, жағдай қаладағы су шығару жүйесінің нашарлығы және халықтың тез өсуіне байланысты баспана құрылысының көптігінен күшейіп жатыр.

Индонезия президенті Джоко Видодо ел астанасын Борнео аралына көшіру жоспарын жариялады.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Индонезиядағы су тасқынына байланысты көңіл айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар