Инспекторлар елорда аумағындағы қасқырлар туралы қауесетті жоққа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағына және қала маңындағы елді мекендерге қасқырлар кірген жоқ. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кешеден бері әлеуметтік желілерде елорда маңындағы елді мекендер аумағына және қаланың айналасына қасқырлардың кіргені туралы фотосурет және бейне материалдар таралуда. Осы орайда кеше кешқұрым Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары барша қала бойынша қасқырларды іздестіруге қатысты мониторингтік жұмыстарды жүргізді. Алайда ондай фактілер тіркелмеді. Сонымен бірге, қала әкімдігі мен құқық қорғау органдары қала аумағында және жақында орналасқан елді мекендерде қасқырлар жүргендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Кез келген жабайы жануар адамдар жүрген жерден аулақ болуға тырысатынын атап өткен жөн», - деді Н. Жүнісов.

Мұнымен қоса, ол Қазақстанда қасқыр мен шибөрі санын реттеу лимиті бекітілгенін еске салды. 2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға рұқсат беріледі.


Соңғы жаңалықтар