Интернет сапасын тіркейтін халықтық бақылау құралы енгізіледі - Мусин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Интернет сапасына қатысты деректерді тіркеуге мүмкіндік беретін Халықтық бақылау құралы енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет бойынша 2 жоба бар: ауылдарға оптикалық желі құрылысы, яғни ВОЛС және мобильдік ШПД тарату. Осы жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтайтын боламыз. Бұл 250 адамнан астам тұрғыны бар барлық ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етеге мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, байланыс сапасын арттыру үшін байланыс сапасының параметрлері айқындалатын болады.

«Интернет сапасы бойынша деректерді тіркеуге және бізге беруге мүмкіндік беретін Халықтық бақылау құралын енгіземіз. Байланыс операторларына қойылатын талаптарды арттыру бойынша бірқатар басқа да заңнамалық түзетулерді пысықтаймыз», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар