iQala орталығының тізімі 26 жаңа қызмет түрімен толықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - iQala орталығы 26 жаңа қызмет түрімен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қолжетімді қызметтер тізімі iqala.kz порталының басты парақшасында жарияланды.

Тізім 26 жаңа қызмет түрімен толықты. Олар онлайн режімде iqala.kz порталында, сонымен қатар офлайн форматында – iQalа қалалық қызметтер орталығында қол жетімді.

Қызметтер тізілімінде «Астанаэнергосбыт» АҚ-ның тағы 18 қызметі, «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның 4 қызмет түрі, «Астана-АЭК» АҚ-ның 2 қызмет түрі және «Қазақтелеком» АҚ-ның 2 қызмет түрі ұсынылады. Аталмыш қызмет түрлері алғаш рет сандық нұсқаға көшірілген.

Қызметті онлайн алу үшін сканерленген құқық белгілейтін құжаттар мен ЭЦҚ қажет. Бүгінгі күні iQala қалалық қызмет көрсету орталығында 5 мыңға жуық қызмет көрсетіліп, олардың 50%-дан астамы порталда электрондық түрде ұсынылды.

Қала тұрғындары үшін ең белсенді қолданылатын қызмет түрі – «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның ұсынатын қызметтері. Сондай-ақ iQala-да электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және қоқыс шығару үшін «бір өтінім – 4 келісім шарт» қағидаты бойынша екінші реттік баспана иелері үшін өзінің алғашқы композиттік қызметін іске асыруға ниетті.

Естеріңізге салсақ, iQala порталы барлық монополистердің қызметін бір электрондық платформада біріктіреді. Бұл жүйенің көмегімен 129 қызмет түрін алуға болады.


Соңғы жаңалықтар