Иран Қытайға ұшатын жолаушылар рейстерін тоқтатты

None
None
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Иранның Азаматтық авиация ұйымының өкілі Реза Джафарзаде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Қытайға және кері қарай ұшатын барлық жолаушылар рейсінің тоқтатылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

«Қытайға ұшатын жолаушылар рейстері тоқтатылды, бірақ жүк рейстері коронавирустың таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болады», - деді ол.

Иран мен Қытай арасындағы тікелей рейстер 31 қаңтарда коронавирустың таралуына байланысты уақытша тоқтатылды.

Еске сала кетейік, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі ирандық Кумда коронавирустан екі адам ажал құшқанын хабарлаған болатын. Бейсенбі күні елдің Денсаулық сақтау министрлігі Иранда коронавирус жұқтырған жаңа үш жағдай туралы хабарлады. Осылайша ауру жұқтырғандар саны бес адамға жетті.

Сондай-ақ Кум қаласының билігі екі адамның қаза табуына байланысты сол шаһардағы мектептер мен университеттерді жабу туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар