+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Иран СІМ ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көмектесетінін айтты – Әлемдік баспасөзге шолу

2020 жылғы 12 қаңтар 13:53
Бөлісіңіз:
Иран СІМ ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көмектесетінін айтты – Әлемдік баспасөзге шолу

«ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей назарларыңызға әлемдік баспасөзге шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
«Jas Otan» #Bizbirgemiz эстафетасын барлық қазақстандық жастарға жолдады ҚХА ресми сайты мен «El.kz» интернет порталы бірыңғай интернет платформаға айналды Алматының 320 көшесіне жарық шамдары орнатылды

Қылмыстық статистикаға сенуге болмайды – The New Yorker

«Қылмыстың өсуіне немесе азаюына не әсер ететінін дөп басып айту қиын», деп жазады The New Yorker басылымы.

Автордың айтуынша, «Экономикалық іс-әрекет» журналында ғалымдар есірткінің жеңіл түрін заңдастыру қылмыс көрсеткішінің азаюына алып келетінін жазса, тағы бір топ ғалымдар керісінше, бұл қылмыстың артуына әсер ететінін айтып пікір таластырып жатыр.

«Бізде адамның не себепті қылмысқа баратынын дөп басып айтатын жақсы механизм жоқ. Джордж Мейсон университетінің криминологы Дэвид Вейсбурд та осы пікірмен келіседі. Оның айтуынша, қылмысқа белгілі бір нәрсенің әсері нақты айқындалмайды», деп жазады автор.

Оның жазуынша, қылмыстың алдын алатын жүздеген фактор бар. Оның ішінде демографиялық, экономикалық, когнитивті және биологиялық факторлар. Ал қылмыстың азаюына полиция қызметкерлерінің артуы, алкоголь өнімін тұтыну көрсеткішінің азаюы сияқты факторлар да әсер ете алады.

«Көптеген адамдар қылмыс деңгейін қалай төмендетуге болатынын білеміз деп ойлайды. Олар белгілі бір заңдарды ұсынады немесе қарсы шығады. Дегенмен, қылмыс статистикасы біз ойлағаннан да жұмбақ нәрсе», деп жазады автор.

Оның айтуынша, сол себепті де қылмыс статистикасына сенуге болмайды.

«Криминологтар кейді қылмысты «хаос жүйе» деп атайды. Оған әсер ететін факторлар өте көп», дейді автор.

Австралияда қатты жел өртті күшейтті - AFP

Австралияда қатты желден екі өрт ошағы бірігіп, өрт аумағы Лондоннан төрт есе үлкен жерді алып жатыр, деп жазады Agence France Presse.

Жаңбыр жауғаннан кейін бірнеше күн бойы өрт бәсеңдегенімен, жұма күні қатты жел тұрып, өртті қайта тұтатқан.

«Қазіргі жағдай қиын. Бұл ыстық, құрғақ жел бізге үлкен қиындық туғызайын деп тұр», дейді Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының өрт қауіпсіздігі бойынша комиссары Шейн Фицсиммонс.

Агенттіктің хабарлауынша, ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілген.

Австралиядағы орман өртінен 26 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам үй қирады. Ондаған миллион гектар жер өртенді. Ғалымдар өрттен миллиардқа жуық жануар өлгенін айтты. Австралияның сақтандыру кеңесінің айтуынша, өрттен келген шығын 645 млн АҚШ долларын құрайды.

2020 жылдағы паспорттар рейтингі жарияланды – Euronews

Паспорт деректерінің соңғы рейтингі жарияланды және бұл рейтингте Азия мемлекеттері көш бастап тұр, деп жазады Euron

ews.

Басылымның хабарлауынша, рейтингте Жапония мен Сингапур көш бастап тұр. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея, Германия, Финляндия, Италия, Испания, Люксембург, Дания мемлекеттері орналасқан.

«Henley&Partners паспорттар индексі визасыз жүруге мүмкіндік беру көрсеткіші бойынша жасалады. Бұл рейтингте Жапония үш жыл бойы көш бастап келеді. Бұл елдің азаматтары 191 мемлекетке визасыз кіре алады. Сингапур 190 мемлекетпен екінші орынға жайғасқан. Рейтингте Оңтүстік Корея мен Германия бір саты төмендеген», деп жазады басылым.

199 мемлекет кірген рейтингте Қазақстан 67-орында тұр. Қазақстан азаматтары 76 мемлекетке визасыз кіре алады.

Иран СІМ ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көмектесетінін айтты - IRNA

Иранның сыртқы істер министрі Мухаммед Джавад Зариф СІМ ұшақ апатынан қаза тапқан адамдардың отбасына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады IRNA.

«Сыртқы істер министрлігі мен бүкіл әлемдегі елшіліктеріміз апаттан кейінгі қайғыға ортақ және қаза тапқандардың отбасына кез келген көмек беруге дайын», деп жазды ол Твиттердегі парақшасында.

Украина ұшағы Имам Хомейни әуежайынан ұшқаннан кейін апатқа ұшыраған еді. Ұшақтағы 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қаза тапты.

Кеше Иран ұшақты зымыран атып түсіргенін мойындаған еді. Олар «АҚШ авантюризмінен пайда болған дағдарыс кесірінен болған адам қателігі осындай апатқа алып келді» дей келе кешірім сұрар, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.

Ал СІМ баспасөз хатшысы Аббас Мусави министрлікте осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Ол апаттан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету үшін қажетті шараларды орындайды. Сонымен қатар елшіліктерге де отбасыларға қандай көмек қажет екенін анықтау тапсырылған.

NASA ғалымдары Жерге ұқсайтын планета тапты – Nature

Орбитаға 2018 жылдың сәуір айында жіберілген «Кеплер» аппараты сұйық суы бар экзопланетаны анықтады, деп жазады Nature.

Жаңа планетаға TOI әкімшілік атауы берілді.

Бүгінгі күнге дейін анықталған экзопланеталар көп болғанымен, бұл жаңалық телескоп өміріндегі маңызды қадам саналады.

«Бұл планетаның көлемі Жерден аздап үлкен. Ол көлемі Күннен екі есе кіші жұлдызды айналып жүреді. TOI 700d өз жұлдызына Жердің Күннен қашықтығынан алты есе жақын орналасқан. Соған қарамастан ол жұлдыздан Жердің Күннен алатын энергиясындай энергия алады. Ғалымдар бұл планетада су бар деп болжап отыр», деп жазады басылым.

Автордың жазуына қарағанда, бұл болжам планетада расымен өзен мен теңіз бар дегенді білдірмейді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT