Ирандағы автобус апаты: 9 адам мерт болып, оннан астамы жарақаттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, сенбіде Иранның солтүстік батысында болған жол-көлік апатынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ирандық Mehr агенттігіне сілтеме жасап.

Қолда бар деректерге қарағанда, Тегераннан шыққан жолаушылар автобусы Шығыс Әзербайжан провинциясының орталығы – Тебризбен арадағы күре жолда апатқа ұшыраған.

Жергілікті биліктің дерегінше, оннан астам жолаушы зардап шеккен.




Соңғы жаңалықтар