+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ішкі істер министрлігі көші-қон саласы бойынша 23 халықаралық келісімге қол қойды

2021 жылғы 4 мамыр 12:00
Бөлісіңіз:
Ішкі істер министрлігі көші-қон саласы бойынша 23 халықаралық келісімге қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ішкі істер министрлігі өткізген тікелей эфирде ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев депутаттардың назарына «Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ұсынғаны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР ІІМ: Елімізде бір апта ішінде 3016 қылмыс жасалды ІІМ: Қазақстандықтардың шетелге жылына бір рет қана шығатыны туралы ақпарат - жалған

«Бұл заң жобасы екі елдің бір-бірімен статистикалық деректер мен ақпарат алмасуына, заңсыз көші-қон мәселелерін шешуге, қос азаматтықпен күресуге, тәжірибе бөлісіп, жұмыста практикалық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзербайжан азаматтарының құқықтық мәртебесі анықтауды қарастырады», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Ерлан Тұрғымбаев қазіргі таңда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың артқанын, 2018 жылы жылы Қазақстанға Әзербайжаннан 50 мыңға жуық азамат, 2019 жылы – 48 мыңнан астам азамат келгенін, ал Қазақстаннан Әзербайжанға 2018 жылы 28 мың, 2019 жылы 29 мың азамат барғанын және бұл санның соңғы уақытта азаюуына тек пандемия әсер еткенін атап өткен.

«Сондықтан екі ел арасындағы көші-қон мәселелері бойынша ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары. Бүгінгі таңда, Ішкі істер министрлігі бұдан басқа көші-қон саласы бойынша 23 халықаралық келісімге қол қойған. Халықаралық деңгейде тағы 8 келісім дайындалуда», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT