Ішкі туризмді дамыту мақсатында СҚО жолдары жөнделеді - Бейбіт Атамқұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Солтүстік Қазақстан облысындағы 300-ден астам елді мекенде жолдар жөнделетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Автожол саласы саласында 2025 жылға дейін кешенді жоспар аясында жергілікті маңызы бар 2 100 шақырым автожол жөнделеді және реконструкцияланады. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының есебінен өңірдегі жергілікті маңызы бар жолдардың 98 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілетін болады. Қабылданған шаралар 350-ден астам ауылдық елді мекендердегі жолдарды жөндеуге, сондай-ақ су тасқыны маусымының қаупін болдырмауға (су өткізу құрылыстарын орнату және көпірлер салу) мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның айтуынша, ішкі туризмді дамыту мақсатында Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы автомобиль жолдары мен кірме жолдардың құрылысы мен жөнделуі жоспарланды.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды.

Премьер-Министр Асқар Мамин кешенді жоспар өңірдің инфрақұрылымын жақсартатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар