+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Ит-мысығын серуендетуде ереже бұзған астаналықтар жауапқа тартылуда

2021 жылғы 21 сәуір 22:07
Бөлісіңіз:
Ит-мысығын серуендетуде ереже бұзған астаналықтар жауапқа тартылуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың 14-20 сәуір аралығында елордада ит пен мысық асырау ережелерін бұзғаны үшін 17 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы 4 ауданда иттер мен мысықтарды серуендету және ұстау бойынша ережелерді түсіндіруде. Оларға түрлі жадынамалар мен буклеттер берілуде. Ал тиісті ережелер бұзылған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертіліп жатыр.

Мәлім етілгендей, осы жылдың 14-20 сәуірі аралығында иттерді байлаусыз ұстағаны үшін – 17 тұрғын, 2021 жылдың басынан бері барлығы 296 тұрғын жауапкершілікке тартылды.

Ережеге сәйкес:

- иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттерді қала аумағында еркін серуендетуге тыйым салынады;

- иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін иттерді тұмылдырықта тек қана алаңдарда немесе иттерге арналған үйрету орындарында еркін серуендетуге рұқсат.

- кез келген тұқымды иттерді (иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін ит тұқымдарын қоспағанда) тыйым салу белгісі орнатылмаған орындарда тұмылдырықсыз, алайда тізгінде серуендетуге болады. Бұл ретте, жануардың иесі өзімен бірге тұмылдырықты алып жүруі міндетті, ол қажет болған кезде дереу итке тағылуы тиіс. Сондай-ақ айналасындағыларға кедергі келтірмей, өзімен бірге экскременттер жиынтығын алып жүруі қажет.
- иттің тұмылдырығының уақтылы тағылуына және тізгінінің ұзындығына оның иесі жауап береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT