Италия премьер-министрі вакцинаға қарсы адамдарға сын айтты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Италия үкіметі осы аптада бекіткен жаңа ережелер елдің көптеген мемлекеттік мекемелерінде вакциналау туралы сертификаттың болуын міндеттейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Италияның премьер-министрі Марио Драги вакцинаға қарсы идеяларды насихаттайтын адамдар «өлімге шақырғанмен» бірдей деп мәлімдеді.

«Вакцина алмаңыздар деу – бұл өлімге шақыру. Егер сіз вакцина алмасаңыз, сіз ауырасыз, өлесіз. Немесе сіз өлтіресіз: вакцина алмайсыз, ауырасыз, басқаларға жұқтырасыз, біреу өледі», – деді М. Драги баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ COVID-19 дельта нұсқасының таралуына қарсы тұруға көмектесетін жаңа шектеулер жариялады.

– Вакцинасыз бәрі қайтадан жабылуы мүмкін. Вакцина таралуда және осы қорғаныс арқылы біз ауруханаға жатқызу және өлім-жітім деңгейі әлдеқайда төмендегенін байқаймыз», – деп жалғастырды Италия премьер-министрі.

Италья бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, М. Драгидің жоғарыда айтылған мәлімдемелері «Лиганың» оңшыл партиясының жетекшісі Маттео Сальвинидің айтқандарына жауап болды. Ол соңғы күндері жастарға вакцина алудың қажеті жоқ және 40-59 жастағы адамдар инъекция жасауды еркін шеше алады деген болатын.

Бейсенбіде Италия үкіметі бекіткен жаңа ережелер 6 тамыздан бастап мейрамханалар, барлар, ашық аспан астындағы шоулар, санаторийлер, бассейндер, спорт залдары, жәрмеңкелер, конгрестер мен жарыстарды қоса алғанда, көптеген қоғамдық мекемелерде вакциналау туралы сертификатты міндетті түрде қолдануды енгізді.

Сертификат вакцина алған адамдар үшін, сондай-ақ вакцинаның бір дозасын ғана алған адамдар және соңғы 48 сағат ішінде теріс сынақ көрсете алатындар үшін жарамды.

Италия үкіметі төтенше жағдайды 2021 жылдың соңына дейін ұзартты.


Соңғы жаңалықтар